Әлеумет

Павлодар облысында тікұшақтың апатты қонуына байланысты тергеу басталды

Қазақстанның Көлік министрлігі Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ тікұшағының апатты қонуына байланысты тергеу бастады.

Krivosheyev

Министрліктің мәліметінше, оқиға 24 маусымда Павлодар облысының Заря ауылы маңында болған. Тікұшақ жоғалған адамды іздеу-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан.

Тікұшақ бортында 13 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі мен сегіз жолаушы болған.

Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Көлік министрлігі бұл оқиғаны адам шығыны жоқ авиациялық апат ретінде тіркеп, оны министрліктің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексеретінін хабарлады.

Қазіргі уақытта ведомство мамандары оқиға орнында тергеудің бастапқы кезеңін бастап, мән-жайды анықтау үшін қажетті деректерді жинап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз