Қоғам

«Павлодарда қайғылы апат»: Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші үш адамды қағып кетті

Павлодарда ауыр жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 29 маусым күні тіркелген.

жол апаты

Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік электр бағанына және автобус аялдамасына соғылып, аударылып қалған.

Апат салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз