Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 26 Наурыз 2024

Petrelli Previtera: Қазақстан ажырасудан әлемде екінші орында

развод
Фото: из открытых источников

Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша дүние жүзінде Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұр. Елдегі көрсеткіш нәтижесі 1000 адамға шаққанда 4,6 сы бөлек кететінін көрсеткен. Бұл туралы Petrelli Previtera зерттеу ұйымы жариялады.

Мамандар елдегі ажырасудың негізгі себебі туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуы (25%) екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі қазақ ерлері мен әйелдеріне сәйкес келмейтін гендерлік рөлдер мен некеге деген жалпы көзқарастың өзгеруі де ажырасуға себеп болады екен.

Ал, ranking.kz ажырасулардың ең көп саны Алматыда да тіркелгенін жазады: 2,3 мың, бір жыл бұрынғыдан 2,1%-ға аз. Одан кейін Қарағанды ​​облысы (1,5 мың ажырасу) мен Астана (1,5 мың) тұр. Ең аз ажырасу Ұлытау облысында болған – небәрі 198 жағдай.

Бір қызығы, ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен, қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстан жастарының 82,5%-ы (18-29 жас) өз болашағын некеде және балалы болу кейпінде көреді.

«Ажырасқан» елдердің алғашқы ондығына Гуам, Ресей, Молдова, Беларусь, Қытай, Аруба, Литва және Доминикан Республикасы кірді.

Ал, ҚР мен World Population Review жасаған статистика деректері бойынша, Қазақстан ажырасу деңгейінен 105 мемлекеттің ішінде тағы да 2-ші орында.

Мальдив аралдары бұрынғысынша «көшбасшы», ал, Қазақстаннан кейін Ресей (1000 адамға 3,9 коэффициентпен), Беларусь (1000 адамға 3,5) және Қытай (1000 адамға 3,2) тұр.

ТМД елдерінің ішінде ажырасудың жоғары көрсеткіші Молдовада (6-орын, 1000 адамның 3 мыңы) және Украинада* (7-орын, 1000 адамның 2,9 ы) тіркелген. Рейтингтің ортасында Қырғызстан (55-орын), Әзірбайжан (67-орын), Тәжікстан (68-орын) орналасқан. Бірақ Өзбекстанда ажырасу көрсеткіші 1000 адамға 1,1-ді ғана құраған, бұл 80-орын. Арменияда осындай деректер бар – 1000 адамға 1,1 және әлемде 84-ші орын.

Ажырасулардың ең төменгі көрсеткіші Үндістан, Мозамбик және Кения сияқты елдерде тіркелген. Алайда, бұл аталған елдерде бақытты неке көп дегеннен бұрын, құқықтық жағдай нашар, бюрократиялық кедергілер көп және қатал әлеуметтік нормалар бар екенін көрсетеді дейді мамандар. 

 

Фото: pixabay

 

Тегтер: