Әлеумет

Президенттен әділдік сұраймын

Білдейбір мемлекеттік мекеменің басшысының кесірінен мүгедек болып қалдым дегентұрғын Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жазды.

Президенттен әділдік сұраймын

Аралауданының тұрғыны Ақнұр ТӨКЕШЕВА әділдік таппай шарқ ұрып жүр. «ЖасАЛАШ»тілшісіне басынан өткен жағдайды айтқан тұрғын президентке хатжолдапты. Тұрғынның айтуынша Арал аудандық мәдениет үйінің басшысы өзін көшедекөлікпен қағып, мүгедек хәлге түсірген. Алайда басшы судан құрғақ шыққандай,осы әрекеттері үшін жазадан сытылатыны анық дейді. Өйткені бұған дейін аудандықсотқа күдіктіні жазалу үшін ұсынылған жеткілікті дәлелдердің өзі жетпеген көрінеді. Соттан әділдік таппағанАқнұр Төкешова арызын бас прокурордан бастап, тіпті Дариға НАЗАРБАЕВАҒА дажолдапты. Төкешова енді Тоқаевқа жазған ашық хатымнан нәтиже бола ма депүміттенеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті   

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына

                                              

                                                 АШЫҚ ХАТ

ҚұрметтіҚасым-Жомарт Кемелұлы! Мен судьялардың әділетсіздігінің құрбаны болған, шенеуніктіңжол ережесін өрескелбұзғандығының  кесірінен қазіргітаңда  «3  топ  мүгедегі»болып қалғанАрал қаласы тұрғынымын.

Конституциядажазылған мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі емес  «судьяныңтуысқандары» болып тұр.

Ашыпайтқанда 06 ақпан 2019  жылы Қызылордаоблысы Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаевпен ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен айыпталып сотқа берілгенКуанышов Куттибай Абдыханиевичке қатысты ақтау үкімі шығарылған қылмыстық іс бойыншажәбірленушімін.

26наурыз 2019 жылы Қызылорда облыстық сотында қаралған апелляциялық сототырысында да Куанышов Куттибай Абдыханиевичке қатысты шығарылған ақтау үкімікүшінде қалды.

Арал аудандық сотының екінші судьясыГ. Нурымбетова жүргізуші К. Куанышовтың туысы болғандықтан, ақтау Үкіміне  судья Г. Нурымбетованың ықпалы болғаны анық.

Қазіргітаңда К.А.Куанышовқа қатысты сот актілерінің күшін жою үшін және қылмыстық істібасқа құрамдағы апелляциялық сатыдағы сотқа жіберу туралы  ҚазақстанРеспубликасының Бас Прокурорымен 11.09.2019 жылы Жоғарғы Сотқа кассациялық  тәртіппен «наразылық »  енгізілді.  ҚР БасПрокуратураның  сот актілерін қайтақарау туралы келтірген кассациялық наразылығын сот отырысында қарау  2019жылдың 15 қазанынатағайындалды.Дегенменде әділ шешім шығаратынына күмәнданамын.

Жүргізуші К.Куанышовтыңкінәсі қылмыстық іс құжаттарымен, сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптамақорытындыларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан.

ЖүргізушіК.Куанышовқа еңжеңіл жаза Үкім етілседе оның қызметтікмансабына нұқсан келетін болғандықтан, яғни Арал аудандық Мәдениет Үйініңбасшылығынынан шеттетілетін  болғандықтанақтау Үкімішығарылып отыр.Бұл ақтау үкімі заңсыз және негізсіз.

Бұлақтау Үкімнен кейін біздің Мемлекетімізде  қылмыскердің  жазаланбай тайраңдап жүруі қалыпты жағдайболғаны  ма деген  ой келеді.

К.Куанышовтың кінәсі қылмыстық іс құжаттарымен,сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптама қорытындыларымен, жәбірленушіжәне куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапқан.Түсінбегенім, дәлелденгенқылмыстық іске қалайша  ақтау Үкімішығарылады ?

Қазіргі уақытта Еуропалықпарламенттің Президентіне, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысына, ЕПделегациясының жетекшісіне өтініш хат жолдадым.

Жоғарғы Сотта Үкімді күшінде қалдырса, Халықаралық сотқа, Еуропалық сотқашағым түсіруге мәжбүрмін.

Құрметті Қасым-ЖомартКемелұлы!    

Осы айтқанжайттарды менен де басқа әділетсіздік көрген жандар қолдайтынына шүбәмжоқ.Аталған мәселелерге тиянақты көңіл бөліп өтінішімді жерде қалдырмайды депбек сенемін.

Жоғарыдағылардыескеріп:

Жүргізуші К.А.Куанышовтың әрекетінде ҚР ҚК-нің345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерініңжоқтығы туралы  Қызылорда облысы Аралаудандық сотының 06.02.2019 жылғы ақтау жөніндегі Үкімінің және Қызылорда облыстықсотының  қылмыстық істер жөніндегісоталқасының 26 наурыз 2019 жылғы № 1а -46 санды Қаулысының күштерін жойылынуына,жаңадан шешім шығаруға, менің уәждерімді мұқият зерделеп, ақ қарасын анықталуына, ешкімдіараластырмай ,әділ шешім шығаруларына  ықпал жасауыңызды сұраймын.

Сізге деген құрметпен, Тукешова.А

Фото: zakon.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз