Live

Путин Ахмат Қадыровты мемлекеттік наградамен марапаттады

Ресей басшысы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары, дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанович Қадыровты «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордені медалінің II дәрежесімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған.

Ахмат Қадыров пен Путин

Шешенстан билігінің мәліметінше, жас басшы қызметінде кәсібилігін көрсетіп, қысқа уақыт ішінде өзін білікті басқарушы ретінде танытқан және спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Айта кетейік, биыл көктемде Владимир Путин Ахмат Қадыровқа спорт саласындағы еңбегі үшін алғыс жариялаған болатын.

Ал өткен жылы Шешенстан басшысының үлкен ұлы Грозныйдың құрметті азаматы атанды. 2024 жылдың көктемінен бері ол «Ахмат» футбол клубының президенті қызметін атқарады.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз