Путин мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
Бұл туралы Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдауы кезінде белгілі болды.
Мемлекет басшысы Астана аталған уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.
"Бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастырамыз. Екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған сапар маңызды рөл атқарады деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сергей Лавров Мемлекет басшысына Ресей Президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді.