Қоғам

Путин мобилизацияға қатысты мәлімдеме жасады

Ресей президенті Владимир Путин Ресейде жаңа мобилизация жүргізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

мобилизация

Ол бұл туралы Шығыс экономикалық форумы аясындағы пленарлық отырыста айтты. Путиннің сөзінше, қазіргі уақытта Ресейде мобилизация жариялауға негіз жоқ. Ол мобилизация туралы тараған ақпаратты Ресейдегі Мемлекеттік дума сайлауы қарсаңындағы ақпараттық науқан деп бағалады.

Ресей президенті әскерге азаматтар негізінен ерікті түрде келісімшарт арқылы қабылданып жатқанын атап өтті. Ресейдегі әскери қызметшілер санына қатысты мәселе жоқ. Путин сондай-ақ Украинадағы әскери жағдайға қатысты пікір білдіріп, онда азаматтардың майданға мәжбүрлі түрде жіберілетінін айтты. Оның сөзінше, осыған байланысты Украинада әскерден қашу фактілері көп.

Бұған дейін де Путин Мемлекеттік дума депутаттарын сайлау аяқталғаннан кейін Ресейде мобилизацияның жаңа толқыны басталады деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз