Қайдасың, қайда Дариға, сол қыз?
ДариғаНазарбаеваның қызметтен кеткеніне бір айға жуықтады. Саяси сарапшылар биліктіңбұл қадамын сан-саққа жорыды.
Конституция бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өкілеттігінатқара алмайтын жағдайға ұшыраса,автоматты түрде мемлекет басқару тетігі сенат спикерінің қолына өтеді. БірақДариға Назарбаеваның күтпеген жерден биліколимпінен омақаса түсуі талай дуалы ауыз саясаттанушыларды да «естен тандырды».
Биліктің бұрынғыбұлбұлы Ермұхамет Ертісбаев Зонакз порталына берген сұхбатында: «Дариға Назарбаева саясаттағы қызметіндебұрын да көптеген қателіктер жіберген еді. Ал өткен жылдарда басты қателіккебой ұрды: постназарбаев кезеңінің басталғанын мойындағысы келмеді. Еліміздегібарлық мемлекеттік-саяси элита Назарбаевтың президент Тоқаевтың жанынатоптасуға шақырған үндеуін сенаттың экс-спикерінен басқасының бәрі қолдады», –дейді.
Ертісбаевтың сөзін қарабайыр түсінікке салсақ, ДариғаНазарбаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мойындағысы келмеген сыңайлы.Өйткені содан сәл бұрын, Қазақстан парламенті сенатының төрайымы ДариғаНазарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасап, Конституциядағы 61-баптың3-тармағын ресми түсіндіруді сұрады. Ал бұл бапта парламент ең маңыздыәлеуметтік қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға және негізгі принциптер меннормаларды белгілеуге құқылы деп көрсетілген. Олар:
– жеке жәнезаңды тұлғалардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, жеке және заңдытұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері;
– меншікрежимі және басқа да мүліктік құқықтар;
– мемлекеттікоргандар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік және әскериқызметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері;
– салықсалу, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу;
– республикалықбюджет;
– сот жүйесі мен сот ісінжүргізу мәселелері;
– білім беру, денсаулық сақтаужәне әлеуметтік қамтамасыз ету;
– кәсіпорындар мен олардыңмүліктерін жекешелендіру;
– қоршаған ортаны қорғау;
– республиканыңәкімшілік-аумақтық құрылымы;
– мемлекеттің қорғанысы менқауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Яғни Дариға президент Тоқаевтантолық «саяси дербестікке» ұмтылды. Бұл әрекеті, әрине, ұлт көшбасшысына жақпайқалды. Өйткені билік транзиті кезінде «төртеу түгел болса ғана төбедегі келеді»деген ұстанымда болса керек.
Дариғаны қызметінен босатқан күніҚасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында «Д.Н.Назарбаеваға Қазақстан Республикасы парламентінің сенатындатөрайым ретінде сапалы еңбек еткені үшін алғыс айтамын» деген бір ауызлебіз білдірді.
Ал Дариға Назарбаева болсапрезидентке қарымта жауап бермеді. Есесіне өмір бойына Дариға мен Рахат Шораздыақтап-жақтауды маңдайына тағдыр етіп жазып алған Андрей Шухов түу сонау Венадаотырып өзінше болжам жасайды. «Карантинжағдайында мұқтаж компаниялардың тізімі пайда болды. Автодилерлер, құрылыскомпаниялары, банктер қатты қысылып отыр. Яғни бұл бюджеттік тәтті тоқаштың кімге үлестірілетіні белгілі болдыдеген сөз. Дариға осы тізімдегілерге қарсы дау айтып, өзінің ұсынысынжасаған-ды. Шиеленіс ашық фазаға өтіп, «әне-міне, бірдеңе болады» дегеншеболған жоқ, мына жағдайға тап болды (Дариғаның қызметінен босатылуын меңзепотыр – ред.)».
Андрей Шухов бұл оқиғаны тағы дасаяси кеңістіктегі шым-шытырық интригаларға бұрып, «Дариға дұрыс еді» дегенойын көпшілікке бүкпесіз тықпалайды. Ал Ермұхамет Ертісбаев болса «Андрей Шуховтың мұндай зор мәлімдемелерінелемеу керек» деген пікірде. Екі азаматтың Қазақстан саясатынан көп уақытсырт қалғаны белгілі. Бірақ қалай десек те, бұл күндері аутсайдерге айналғанАндрей Шухов пен Ермұхамет Ертісбаевтың риторикаларында біз түсінбейтінконспиративтік бір шындық бар. Оның қандай шындық екені әзірге тек Дариғағағана аян.
Ал Дариға қайда жүр екен?
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»