Әлеумет

Қайрат Нұртас концерті: ұйымдастырушы 5 жылға сотталуы мүмкін

Қайрат Нұртас концерті: ұйымдастырушы 5 жылға сотталуы мүмкін.

1

KN концерті ұйымдастырушысына 21,6 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полиция концерт ұйымдастырушысының уақытша ұстау изоляторында отырғанын растады. Прокуратураның түсіндіруінше, күдіктіні 48 сағатқа дейін ұстауға болады. Осы уақыт ішінде сот оны қамауда қалдыру немесе бұлтартпау шарасының басқа түрін қолдану туралы шешім қабылдауы тиіс.

Әзірге сот бұл мәселеге қатысты шешім шығарған жоқ. 

Еске салайық, 10 қазанда Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде көрермендер арасында жаппай кептеліс болып, 18 жастағы қыз адамдардың арасында қысылып, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны алаңның рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар шамадан тыс жиналып, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төнген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, концерт ұйымдастырушысы ұсталды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз