Саясат

Қазақстан Өзбекстанға нота жолдамақ

Қазақстан бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.«Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді.

Қазақстан Өзбекстанға нота жолдамақ

Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі», — делінген онда.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз