Қоғам

Қазақстандық балуандар U23 әлем чемпионатында командалық есепте екінші орын алды

Қазақстанның грек-рим күресінен жастар құрамасы (U23) әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Грек-рим

Отандастарымыз екі алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Медальдар есебінде Иран құрамасы үш алтын және екі қола жүлдемен бірінші орын алды. Қазақстан екінші сатыға жайғасса, Ресей құрамасы бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Ұпай саны бойынша командалық есепте де Иран көш бастады. Ирандық балуандар 119 ұпай жинаса, Қазақстан құрамасының еншісінде 114 ұпай бар. Ресей 105 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз