Сараптама

Қиын заман алда, демек бюджетті бір жылға жоспарлауға көшу керек

Қазір халықаралық рейтингті бағалау агенттіктері таяу болашақта бірқатарелдердің экономикалық жағдайы ауырлай түсетінін ашып айтып отыр.

Қиын заман алда, демек бюджетті бір жылға жоспарлауға көшу керек

Олардыңтарапында көрші Ресей елі көш бастап тұр. Мысалы, Standard& Poor's және Moody's тәрізді экономикалық рейтингті бағалау агенттіктері жуырдаРесей экономикасыз әлдеқашан «ВВВ-»деңгейіне дейін төмендеп «қоқысқа малтықты»деп мәлім еткен болатын.

Осыған орай көршіел экономикалық жағдайын қайтадан барынша сүзгіден өтіп, бюджетін түзіп, үшжылдық бюджеттен бөлек қосалқы бір жылдық бюджет жобасына қайта көшіп алды.Бұған қатысты отандық сарапшыларымыз Ресейдің бұл қадамының дұрыс шешім екенінайтып отыр. «Болашақта Қазақстан үшін де бір жылдық бюджетке  қайта көшуді ойластырған жөн»,-деді мамандар.

«Әлемдікэкономиканы бағдарласақ, қиын күндер әлі алда. Сондықтан ең алдымен бізге бюджетті сауаттыжоспарлауға, қаржыны үнемдеуге басты назар аудару қажет. Мысалы, біз үш жылдықбюджеттің тиімділігін әлі күнге дейін сезіне алмай отырмыз. Бізде қазынақаржысы жыл сайын нақтыланып, оның параметрлері бір жылға бекітіледі де,қалғанын халық қалаулылары тек индикативтік яғни үлгі нобай түрінде қабылдайды.Бұдан барып келер жылдың бюджеті бір-бірінесәйкес келмей жатады. Кейбір бағдарламалардың орындалуына қатысты күтпегенорынсыз, жайсыз жағдайлар орын алып жатады. Бұл бағдарламаның сапалы шегінежетуіне кері әсер етеді. Ресейдегі ахуалды, әлемдік мұнай бағасының түсіпжатқанын, жалпы әлемдік экономиканың құбылып тұрғанын ескерсек, бізге біржылдық бюджет жобасын қайта қарастыру қажет»,- дейді маман.

Сөйтіп, маманның пайымынша, мынадай құбылмалы заманда үш жылдықэкономиканы болжаудың өзі өте қиын. Өткенде мұнайбағасы түскенде атқарушы биліктегілердің біразы «біз тоғыз айдың қортындысышыққаннан кейін ғана есептеп, мұнайды сатқан түсімнен қанша пайда, қанша шығынкөретінімізді нақты айта аламыз. Бір айдың есебімен болжам жасау қиын» деді.Қазіргі ахуалмен салыстырғанда индикативтік яғни үлгі нобай ретінде үш жылғажоспар жасауға болмайды. Себебі мұнай бағасы түсіп кетті.  Бір ғана Ресей экономикасының құзға құлауы Ресеймен еңірі сауда-әріптестік қарым-қатынас орнатып ел ретінде бізге қауіп. Мұныжасырудың еш қажеті жоқ. «Сондықтанболашақта бюджетті жоспарлауды қысқа мерзімге бағыттаған жөн»,-деді экономикағылымының докторы Жаңабай Алдабергенов.

Экономист-ғалым Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша,  Ұлттық экономика министрлігі осы мәселегеназар аударуы керек. Жергілікті әкімдерден әлеуметтік-экономикалық даму болжамыталап етілуі тиіс. Аудан-аймақ әкімдері әр тоқсан сайын стратегиялық жоспарменжұмыс істеп бюджеттің орындалуы нақты бақылауға алынуы керек.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз