Қордай қырғыны мен Ферғана бүлігін салыстыруда не сыр бар?
ЖақындаРесейдің бұрынғы экс-премьері Михаил Полторанин Қордай оқиғасынан «Қытай ізін» індетіп, кеңес заманында өзітергеумен айналысқан «Ферғана қанды қасабымен» салыстырыпты.
Полтораниннің айтып отырған Қордайдағы«Қытай ізі» түсінікті, онсыз да бұл тарапта болжам айтушылар көп болғандықтан, оған тоқталыпжатпай-ақ қоялық. Ал оның бұдан отыз жыл бұрынғы Ферғана бүлігімен кеше ғанаболған Қордай оқиғасын салыстыруында не гәп бар? Тыңдалық.
Полторанин 1989 жылғы Ферғана оқиғасынмесхеттік түрік пен базардағы өрік сатқан өзбектің ерегесі мен Қордай оқиғасының жолға таласқанекі көлік иесінің төбелесінен туындағанын мысалға келтіруден бастапты. Айтуынша, бұл екеуі де үлкен шиеленістішенеуніктік тәсілмен түсіндіру ғана. Шын мәнінде сол кезде Өзбекстандамесхеттік түріктерге қарсы алдын ала ұлттық майдан құрылғанын, көз алдындамесхеттік аяғы ауыр әйелдің ішін жарып, әлі тумаған шаранасын отқа тастаған сұмдық оқиғаны көзімен көргенін айтады. Полторанин сол кезде КСРО Жоғарғы КеңесініңФерғана оқиғасына байланысты құрылған жедел тергеу комиссиясын басқарған.
Енді осы Полторанин салыстырып отырған Ферғана оқиғасы шын мәнінде қалайболды, неден туындады, толығырақ тоқтала кетейік.
1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағыбойынша КСРО-да 207,5 мың түрік тұрыпты.Ол түріктердің 90 пайыздан астамы – Оңтүстік Грузияның Түркиямен шектесіпжатқан бес ауданында туып-өскендер. Бұл жерлердің көне тарихи атауы Месхетболғандықтан, «месхеттік түріктер» деген атау осыдан келіп шыққан. Ал негізіндеолар өздерін «Ахыска түріктері» деп атайды. Кезінде Осман империясыныңқарамағындағы жер болғандықтан, Грузия – олардың атамекені.
1928-1937 жылдары Грузияда месхеттіктүріктерді ұлтын өзгертуге, грузин фамилиясын алуға күштеп көндіру шараларыжүргізіледі. Соғыс басталған соң түріктердің 40 мыңнан астам еркеккіндіктісімайданға аттанған, соның 26 мыңы ұрыста өлген. 1944 жылы қыста Сталинніңбұйрығымен Грузиядағы түріктер, жалпы саны 115,5 мың түрік Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстанға күштеп жер аударылады. Оның 17 мыңы жолда қырылған. 1956 жылғадейін КСРО-дағы жер аударылған түріктер қатаң коменданттық тәртіпте өмірсүреді, оларға бір ауылдан екінші ауылға туыстарын іздеп шығуға да рұқсатетілмейді. Мұндай шектеу 1956 жылы алынған соң ғана бірқатар түрік отбасыларыКавказға қайыра көшіп барды. Дегенмен басым бөлігі Орталық Азия менҚазақстанда қалып қойды.
Полторанин Ферғана бүлігін Қордай емес,Жаңаөзен көтерілісімен салыстырса, сенер едік. Өзбекстандағы атышулы Ферғанакөтерілісі 1989 жылы 4 маусым күні бұрқ етсе, Маңғыстаудағы Жаңаөзен көтерілісі16 маусым күні басталған. Арасы – 12-ақ күн. Бір қызығы, бүліктің екеуі детөбелестен басталды. Месхеттік түріктер төбелесте бір өзбекті өлтіріп қойған.Ал Жаңаөзенде бір кавказдық лезгин өзімен билемей қойғаны үшін қазақ қызыншапалақпен тартып жіберген. Бұған намыстанған қазақ жігіті әлгі лезгинді сабаптастаған. Үш күнге созылған Жаңаөзендегі қақтығыста үш қазақ, екі лезгин қазаболған… Ал бұрынғы КСРО Орталық Комитетінің ресми мәліметтері бойынша,Ферғана көтерілісінен 113 адам өлген, оның 52-сі түрік, 36-сы өзбек болған,1011 адам ауыр жараланған. Оған қоса 137 солдат және 110 милиция қызметкеріәртүрлі жарақат алған, бір милиция өлген. 757 үй мен 275 көлік өртелген, 27мемлекеттік мекеме қиратылған.
Ферғана көтерілісінің сұмдық сипаталғанын осыдан-ақ білуге болады. Өзбек тұрғындар месхет түріктердің үйлері менқора-жайымен қоса, кейбір жерде өздерін де тірідей өртеп жіберген. Не керек,Ферғанамен қоса Ташкент, Самарқанд, Сырдария сияқты жеті облысты қамтығанкөтерілісте Өзбекстандағы 100 мыңдай түріктің біреуін де қалдырмай түре қуыпшыққан.
Танктің күшімен бір айда әрең басылғанФерғана көтерілісі неден туды? Жаппай тәртіпсіздік шындығында, неденбасталды? Бүгінде ұмытылуға айналған ол оқиғаның ұшығына жету енді қиын болар.Алдын ала мұқият ойластырылған саяси акция екені де, стихиялы түрде пайдаболғаны да айтылды. Кезінде «Ферғана оқиғасын» мұнаралы Мәскеу ұйымдастырды,осылайша түріктердің Грузияға көшуін тездетіп, ақырында этникалық шиеленістудыру арқылы грузин ұлттық азат ету қозғалысын талқандамақ болды дегенпікірлер де айтылды. Мұндай пікірді тудырған сірә сол грузиндердің өздеріболар. Көтерілісті КСРО арнаулы қызмет орындары ұйымдастырған, яғни жаппайтәртіпсіздікке ұластыру арқылы Өзбекстанды Мәскеудің табанына қайта салмақболған деген пікірлер де кездеседі. Тіпті бүлікке «ваххабиттер» араласқандеген де сөз бар. Жалпы, Ферғанада Мәскеудің «антикоррупциялық» кампаниясы1983 жылы басталыпты. Осы кампания қарсаңында жалпы саны 20 мың адам сотқатартылған. КСРО Бас прокуратурасының «шаш ал десе, бас алатын» тергеушілеріГдлян мен Иванов бастаған репрессияның ауқымды болғаны сондай, 1986-1988 жылдарысотталғандардың туыстары бірнеше рет стихиялық демонстрация жасаған. 1988 жылықазан айында Ферғана облысының бірінші хатшысы Омаров ұзақ жылға басбостандығынан айыру жазасына кесіледі. Оның орнына Шовкат Юлдашов дегенкеледі.
1988 жылы желтоқсан айында Ташкенттеорыс пен татар ұлтына қарсы плакат көтерген үлкен митинг өткізілген. ӨзбекстанІІМ-нің деректері бойынша, 1989 жылы Ташкентте сәуір айында өзбек жастары менбасқа ұлт жастарының арасында үлкен ауқымдағы қақтығыс болған. Артынша болғантөбелесте бір өзбекті бір түріктің өлтіріп қоюы жоғарыдағы сұмдық қақтығысқаалып келген. «Түріктер тек наша таратумен, ұрлықпен айналысады, пайдалы жұмыспенайналыспайды, бірақ өзбекке қарағанда өте бай тұрады, жас өзбек қыздарынзорлайды, сәбилерді өлтірген» деген жел сөздер жұрттың ашу-ызасын көтеріпжіберген...
Ферғана көтерілісінен соң Өзбекстандағытүріктер тек Қазақстанға емес, Әзірбайжан, Украина, Ресей, кейінгі жылдарыТүркия мен АҚШ-қа қарай ауды. Бірақ жылы жер табу оларға оңай болған жоқ.Ресейдің Краснодар өлкесіне ауып барған түріктер ондағы жергілікті жұрттыңқудалауына ұшырады.
Кеңес одағы құлаған соң Қазақстанғаауып келген басқа халықтар өздерінің шыққан жерлеріне орала бастады, бірақтүріктер тарихи отандарына қайтқан жоқ. Туған жерлері Грузия шекарасын тарсжауып алды. Түркия қабылдағысы келгенмен, ол Ахысқа түріктерінің туған жеріемес. Сөйтіп, өз үйіндей үйреніп қалған Қазақстан жерінде біржола орнығыпқалды. Ресми мәлімет бойынша, қазір қазақ жерінде 84 мың түрік (2005 жылғы есепбойынша) тұрады. Ал шындығында, өздерін Қазақстанда 200 мыңдай адам бармыз депесептейді. Оның себебі көптеген түріктердің төлқұжатында кезіндегімәжбүрлікпен ұлты «әзірбайжан» болып көрсетілген. Бірге туған екі азаматтыңбірінің ұлты – түрік, екіншісінің ұлты «әзірбайжан» болуы аз кездеспейді.
Қазақстандағы түріктер ең көпшоғырланған аймақ – Алматы облысының Қарасай ауданы. Ауданда 16 мың түріктұрады делінеді. Қазір Алматы облысының бірнеше орта мектебінде, түрікдиаспоралары жинақталып тұратын жерлерде түрік тілі сабағы өтеді. ТүрікРеспубликасы елшілігі оқулықтармен қамтамасыз етеді. Түрік ұлттық орталығы жемістіжұмыс істеуде. 2000 жылдан бастап «Ахыска» түрлі-түсті газеті үш тілде (қазақ,орыс, түрік) шығарылып келді. Қысқасы, Қазақстандағы түріктер өздерініңмәдени және рухани дәстүрлерін қалауынша дамытып отыр.
2004 жылы Ресей мен АҚШ үкіметтері,Халықаралық миграция ұйымы бірлесіп, Краснодар өлкесінде тұратын месхет түріктердіАҚШ-қа қоныстандыру бағдарламасын бастады. Бүгінде сол бағдарламаға іліккенмыңдаған түріктер АҚШ-тың алпыс қаласына жайғасып үлгерген. Ал Грузияпарламенті 2007 жылы кезінде Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылған месхеттүріктердің тарихи отанына қайтуына болатыны турасында заң жобасын қабылдады.Бірақ ата қонысы – Грузияға барғысыкелетін түріктердің саны мүлдем мардымсыз екен.
Мұның бәрі сөзіміздің басында мысалғанкелтірген Михаил Полтораниннің Ферғана бүлігі мен Қордай оқиғасын салыстыруынаншығып кетті. Шын мәнінде екеуі салыстыратындай нәрсе емес еді. Полторанин шынмәнінде не айтқысы келді, нені ішіне бүгіп қалды, сол бізге түсініксіз…
ТөреғалиТӘШЕНОВ