Қытай компаниясындағы төбелес: Ауыл азаматтарын қамап жатыр
Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылыныңазаматтарын полиция ұстап жатыр. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»редакциясына ауыл азаматтары телефон арқылы хабарлады.
Қызылағаштық азаматтардың қамалуы «CITICConstruction Co LTD» жол жасау мекемесіндегі жанжалдан басталған. Қытайлықкомпания Талдықорған-Өскемен тас жолын салып жатыр. Талдықорғанан отызшақырымдай жердегі Қапал бұрылысында орналасқан базада жұмысшылар арасындатөбелес болған.
«Алғашындатөрт шетелдік азамат жергілікті бір азаматты ұрған. Содан кейін ауыл жігіттеріжиырма қытай азаматын ұрған. Ол жерде полиция болды. Қазір жігіттер қамалыпжатыр. Ауылға журналистер келсе дейміз», — дейді Бағдар есімді азамат.
Ауыл адамдарының айтуынша, полиция осы төбелеске қатысты Рысалдинов Берікбол, Үйсінбаев Азамат,Мұхаметалин Бейбіт, Нұрбол есімді жігіттер қамалыпты.
Оқи отырыңыздар: «Екіінімді полиция ұстап алып кетті»