Қоғам

Қытайдан қашып келгендердің біреуі бұрын да шекара бұзған

Қазақстан шекарасын заңсыз бұзып өткен ҚХР-ныңазаматтары Мұрагер ӘЛІМҰЛЫ мен Қастер МҰСАҚАНҒА қатысты сотқа дейінгі тергеужұмыстары басталды.

Қытайдан қашып келгендердің біреуі бұрын да шекара бұзған

Оларға қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 392 бабы (ҚРМемлекеттік шекарасын қасақана заңсы өту) бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»хабарлайды.

Қытай асып келген этникалық қазақтар шекараны ШығысҚазақстан облысы Зайсан ауданында бұзған. Сондықтан процестік және тексеруіс-әрекеттерін өткізу үшін қос азаматты сол жаққа апарады екен.

«Қ. Мұсақан 2006 жылғы 21маусымда мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатындақазақстан-қытай шекарасын бұзғандығы белгілі болды. Ол кезде тексеружұмыстарынан кейін ҚХР-ға қайтарылған болатын. ҰҚК Шекара қызметі ҚХРазаматтары М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тексеру, олардыңқұқықтарының толық сақталуымен, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге жәнеҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанынхабарлайды», — дейді ҰҚК баспасөз хатшысы.

Кеше 14 қазан күні Алматыда Мұрагер мен Қастер баспасөзмәслихатын өткізген. Олар Қытайдан кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Үкіметтарапынан қуғын-сүргінге тап болдық деген жігіттер Қазақстаннан босқынмәртебесін сұрайтындары да айтқан.

Фото: kommersant.uz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз