Әлеумет

Қызылордада зағиптарға жарамсыз телефон үлестірілген

Қызылордада бюджеттен 20 млн теңге бөлініп, зағип жандарға арнайы телефондарға берілген.

Қызылордада зағиптарға жарамсыз телефон үлестірілген
Алайда, олар жарамсыз болып шыққан.Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Саңыраулар» қоғамын сотқа бергелі жатыр. Екі тараптың бұлайша шүйлігуіне өткен жылдың желтоқсан айында зағип азаматтарға таратылған смартфонар себеп. Көзі көрмейтін кісілердің айтуынша, былтырғы жылы тәуелсіздік күні қарсаңында тарту етілген ұялы телефондар арада көп уақыт өтпей пайдалануға жарамсыз болып шыққан. Мемлекеттік конкурста жеңімпаз атанған «Саңыраулар» қоғамы бағасы арзан әрі сапасы нашар құрылғыларды сыйлады деп ашынады.Бір телефон бұрын пайдаланған болса, ал енді бірінде арнайы бағдарлама жазылмаған болып шыққан. Ал, қосымша құрылғыларын тіпті пайдалану мүмкін емес екен. — Соқыр болғанымызды пайдаланып, құйтырқы жоспарларын жүзеге асырып отырғандары қынжылтады. Мұндай қорлықта сау адамнан емес, өзіміз сияқты мүгедектерден көріп отырмыз. Телефон дұрыс жұмыс жасамайтынын айтып апарып бердік. Кейін басқасын берді. Ол да жұмыс жасамайтын болып шықты, — деп ашынады қала тұрғыны Алтынкүл СЫЗДЫҚОВА. Жалпы, ережеге сәйкес көзі көрмейтін кісілерге берілетін телефонның өзіндік артықшылықтары болуы керек. Яғни, дыбыс арқылы пайдаланушы қандай операияны жүзеге асырып отырғанын ести алуы қажет. Сондай – ақ арнайы бағдарлама орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көпшілігі смартфондарды басқармаға қайтарып берген.-Біз негізінен 160 адамға осындай ұялы телефонды таратуымыз керек болатын. Оған бюджеттен 20 миллион теңге қаражат бөлінді.Телефондар зағип азаматтарға бірнеше рет таратылып, қайта алынды. Қазір қолымызда 105 адамның құрылғылары бар. Смартфондарды тәуелсіз сарапшыларға бергенбіз. Мамандар олардың жарамдылығын анықтайтын болады. Сондай –ақ, біз «Саңыраулар» қоғамын сотқа бергелі жатырмыз. Мердігер мекеме бөлінген қаражатты қайтаруы тиіс, — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басқысының орынбасары Алтынкүл ЕСҚАРАЕВА.

Айнұр Манатбай, Қызылорда облысы

Фоталар автордікі

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз