Live

Ресей Киев облысындағы Rozetka маркетплейсінің қоймасын зымыранмен атқылады

5 тамызға қараған түні Ресей әскері Киев пен Киев облысындағы бірнеше ірі украиналық компанияның қоймаларына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасады.

1

Шабуылға Rozetka маркетплейсі, «Нова пошта» және «Эпицентр» логистикалық нысандары ұшырады. Салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Rozetka компаниясының тең құрылтайшысы Ирина Чечеткинаның айтуынша, Бровары қаласындағы 2017 жылы ашылған ең ірі тарату қоймасы толық қираған. Бұл нысанда тәулігіне шамамен 100 мың тапсырыс өңделетін. Зымыран соққысынан кейін қойманы қалпына келтіру мүмкін емес. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл нысанда зардап шеккендер жоқ.

Компанияның мәліметінше, соңғы бірнеше күнде Ресей әскері Rozetka қоймасына үш рет шабуыл жасаған. Оның екеуі 2 тамызда дрондардың көмегімен жүзеге асқан.

Сол түні Киевтегі «Нова пошта» сұрыптау орталығы да соққыға ұшырады. Компания мәліметінше, шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Сондай-ақ ресейлік күштер кассеталық оқ-дәрілерді қолданғаны айтылды.

Бұдан бөлек, «Эпицентр» сауда желісі Киев пен Киев облысындағы логистикалық орталығы мен зауытына соққы жасалғанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған.

Тегтер: Украина
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз