Әлеумет

Ресей Одессаға шабуыл жасады: 17 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала

3 қыркүйекке қараған түні Ресейдің Одессаға жасаған шабуылынан 17 адам зардап шекті. Олардың арасында үш бала бар.

Украина

 Бұл туралы Одесса қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак хабарлады.

Шабуыл салдарынан 21 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатынан 17-қабатына дейінгі пәтерлер мен аулада тұрған көліктер зақымданған.

Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипердің мәліметінше, барлығы 20 пәтер мен үй маңында тұрған 12 автокөлік бүлінген. Шабуыл салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Киев облысында бір адам жараланды

Киев облысының Борисполь ауданында да Ресей соққысынан қоймалар, әкімшілік ғимарат пен дүкен зақымданған.

Облыстық әскери әкімшілік басшысы Тимур Ткаченконың айтуынша, бір ер адам жарықшақтан жараланып, ауруханаға жеткізілді. Шабуылдың салдары нақтыланып жатыр.

Хмельницкий облысына дрондармен шабуыл жасалды

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметінше, Хмельницкий облысына түн ішінде екі рет дрондармен шабуыл жасалған.

Хмельницкий қаласында дрон сынықтары кәсіпорын аумағына құлап, жүк көлігі өртенген және қойма зақымданған. Көлік жүргізушісі жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Қайталанған шабуыл кезінде облыстағы тағы бір кәсіпорын аумағында өрт шыққан. Кейін өрттер толық сөндірілген. Шабуылдан зардап шеккен кәсіпорындардың атауы мен қызмет бағыты жарияланған жоқ.

Тегтер: Украина Ресей
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз