Live

Ресейден Қазақстанға жеткізілетін газ көлемі ұлғаймақ

«QazaqGaz» компаниясының мәліметінше, биыл Қазақстан Ресейдің «Газпром» компаниясынан 6 млрд текше метрге дейін табиғи газ импорттайды.

Газ

Өткен аптада «Газпром» басшысы Алексей Миллер мен Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Роман Скляр қосымша газ жеткізу жөнінде келісімге қол қойған.

Келісімге сәйкес, тараптар арасындағы есеп айырысу ай сайын рубльмен жүргізіледі, ал газ бағасы өзгеріссіз қалады.

Еске салайық, Қазақстан 2024 жылы Ресейден 3,8 млрд текше метр газ импорттаған. Ал 2025 жылдың алғашқы жарты жылында бұл көрсеткіш 4 млрд текше метрден асқан.

Тегтер: Газпром
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз