Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:49

Ресейдің Запорожьеге жасаған соққысы нәтижесінде 13 адам қаза тапты

1
zp.dsns.gov.ua

Ресей әскерлері Запорожьеге әуе бомбаларымен шабуыл жасады - кем дегенде 13 адам қаза тауып, тағы 63 адам жарақат алды. Құрбандар мен зардап шеккендер саны артуы мүмкін, деп ескертті Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі.

Ресейлік екі әуе бомбасы тұрғын үйлерге тиді, деп хабарлады Федоров. Құтқару операциясы жалғасуда, оқиға орнында полиция, құтқарушылар, дәрігерлер және басқа да арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. "Олар үйінділерді тазартып, адамдарды іздестіруде, зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалуға барынша күш салынуда", - делінген Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада.

"Қарапайым бейбіт тұрғындар зардап шегетінін біле тұра, қаланы әуеден бомбалаудан асқан жауыздық жоқ" деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина бас прокуратура мәліметінше, көп қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп нысандары мен қаланың өзге де инфрақұрылым орындары қираған.

Запорожьеде қаралы күн жарияланды.

Тегтер: