Live

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге визасыз режиммен кіретін шетел азаматтары үшін жаңа ережелер күшіне енеді. Енді олар елге кірмес бұрын арнайы мобильді қосымша арқылы алдын ала тіркелуі тиіс.

1

Жаңа талапқа сәйкес, шетелдіктер шекарадан өтпес бұрын «Госуслуги RuID» қосымшасын пайдалануға міндетті. Ресей Мемлекеттік думасының мәліметінше, бұл жаңашылдық қауіпсіздік шараларын күшейтіп, көші-қон ағындарын бақылауды жақсартуға бағытталған.

Мемлекеттік дума бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Гусевтің айтуынша, өтініш елге кіруге кемінде 72 сағат қалғанда берілуі керек.

«Мемлекет алдын ала кімнің келетінін, қандай мақсатпен және қанша уақытқа келетінін, сондай-ақ елге кіруге тыйым салуға негіз бар-жоғын білуі қажет», - деді ол.


Алайда бұл талап барлығына бірдей қолданылмайды. Ережеден мына санаттағы азаматтар босатылады:

Беларусь азаматтары;
6 жасқа дейінгі балалар;
дипломаттар мен қызметтік паспорт иелері;
ресми делегация мүшелері.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Госуслуги RuID» қосымшасын міндетті түрде пайдалану талабы Ресейге оқуға немесе жұмыс істеуге баратын Қазақстан азаматтарына ғана қатысты.

Сондықтан Ресейге туристік, жеке немесе қысқа мерзімді сапармен баратын қазақстандықтарға алаңдауға негіз жоқ.

Тегтер: Ресей
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз