Семейде «ағаш Мәншүк» алынып тасталды
Семейдегі «Жеңіс саябағы» аллеясының төрінде сомдалабастаған Совет одағының батыры, даңқты Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалғанмүсіні жұрттың наразылығына түрткі болды.
Бұл «туындының» авторлары ерлі-зайыпты Иван, ЮлияКуртуновалар кезекті еңбектерінің көпшілік ойынан шықпағаны үшін қынжылмайтынсыңайлы. Бірақ, олар үшін әкімдік ақталып әлек.
«Қазір олардыңсәтсіз жасалған жұмыстары Жеңіс скверінен алынып тасталды. Осыдан біраз уақытбұрын қаламыздағы Абай ескерткішінің алдында олар ағаштан ойып домбыраның,қобыздың, тағы да басқа ұлттық музыка аспаптарының көрінісін ағаштан сәттіжасап шыққан болатын. Сол кезде әкімдік тарапынан Жеңістің 75 жылдығына орайқандай да бір қаһарман бейнесін орнату керектігі айтылды. Бірақ, бұғанбюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Жұмыстары да аяқталып бітпегеніне қарамастан,тоқтатылды»,- деп Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысыНұржан Есенжолов «Жас алаш» тілшісіне түсініктеме берді .
Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Роллан КЕМЕРБАЕВТАН«Семейде жергілікті мүсінші-шеберлерге жасатуға сұраныс болмады ма? Олардыңмұндай істі қалай жасап жатқанына осы уақытқа дейін неге назар аударылмады?»деген нақты сұрағымызға «Туынды сәтсіз шықты» дегеннен өзге жауап алаалмадық.
Фото: arasha.kz