Сараптама

Сенімнен айырылғандар

Тоқсаныншы жылдардың соңында жемқорлыққа байланыстықылмыстық істер қозғала бастады.

Сенімнен айырылғандар

Солардың бір тобын біле жүріңіздер.

Ең шулы іс Міндетті медициналық сақтандыру қорынанқомақты ақшаның жымқырылуы еді. Бұл қордың сол уақыттағы бұрынғы директоры Талапкер Иманбаевкінәлі деп танылған.Оған қылмыстық топ құрды және 1996-1997 жылдары қызметін асыра пайдаланып,мемлекеттік мекемеге 906, 5 млн теңге зиян келтірді деген айып тағылған. 1998жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған. Сыртынан тоғыз жылға дүние мүлкінтәркіленсін деп сотталған. Қазір шетелде жүр.

1994-1997 жылдары Қазақстанның премьер-министріболған Әкежан Қажыгелдин1998 жылыПрезидент сайлауына өз кандидатурасын ұсынады. Содан бірнеше ай өткенде оныңүстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол өз қызметін әсіре пайдаланған, билігінжүргізген, ақша бопсалап, пара алған, заңсыз қару-жарақ сақтап, салық төлеуденқашқан деп айыпталды. Қажыгелдин шетелге қашып кеткен. 2001 жылы сырттай онжылға дүние мүлкін тәркіленсін деп сотталған. Қазір Лондонда тұрып жатыр. Әлікүнге «Интерполдың» іздеу тізімінде аты жүр. 

Оқи отырыңыздар: Сотталғангенералдар

2002 жылы Өскеменнің экс-әкімі Алекандр Лукинніңүстінен жемқорлыққа қатысты ісі қозғалды. Іс қараушыларЛукин сыбайластарымен ЖШС құрып, қаланы жылыту үшін қолдан жоғарылатылғанбағамен көмір алған деп айтқан. Жалпы соммасы 66 млн 262 мың теңге заңсыз жұмсалған. Сот3, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

2002 жылы көлік және коммуникация министрі Абылай Мырзахметовжемқорлық үшінайыпталып, темір торға түсті. Қылмыстық іс оның соған дейінгі "Қазақстан Темір Жолы" компаниясындағы қызметіне байланысты еді. Ол қылмыстық топ құрып, 1,1 млрд теңгежеген деп айыпталды. 2003 жылы Мырзахметов 5 жылға шартты түрде сотталды. 2013жылдан бері Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

2002 жылы Семейдің, кейін Павлодар облысының әкіміболып кеткен Ғалымжан Жақияновжетіжылға бас бостандығынан айырылды. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айыптағылған. Жақиянов «Қазақстанның Демократиялы таңдауы» қозғалысының төрағасыболып сайланғаннан кейін қамалды. Түрмеден шыққан соң, шетелге кетті. 

Оқи отырыңыздар: Әкесішенеунік болған шенеуніктер

Сенат аппаратының бұрынғыбасшысы Ержан Өтембаевбелгілісаясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының және екі көмекшісінің өлімін ұйымдастырдыдеп айыпталды. 2006 жылы Алматы облысының соты оны 20 жылға соттады. 2014 жылытүрмеде отырып, саясаткердің өліміне өзі емес, ҰҚК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевпен Рахамет Әлиев тапсырыс берді деп мәлімдеме жасады. 2014 жылы қарашадабостандыққа шықты. Бірақ бұл сотқа да, оны ұйымдастырды деген Өтембаевтыңсөзіне де халық иланған жоқ.

Рахат Әлиевболса, 2008жылы «Нұрбанктың» топ-менеджерлерін ұрлады, сонымен қоса бопсалаумен айналыстыдеп айыпталып, сотталды. Сот дүние мүлкін тәркіленсін, енді мемлекеттік қызметмен банк ісімен айналыса алмайды деген үкімін сырттай ғана оқи алды. Соныменқоса, 2008 жылы Ақмола шекаралық соты билікке шабуыл жасамақ болған және басқада әскери қылмыс жасады деп 20 жылға сырттай соттады. Рахат Әлиев жазаданшетелге қашып құтылды. Алайда 2014 жылы Австрияда түрмеге түсіп, 2015 жылытүрмеде асылып өлген денесі табылды.

Рахат Әлиевтің істесі болған Әлнұр Мұсаевболса, ол да шетелге қашыпкеткен. Оның елде атқарған қызметтері жеткілікті. Президенттің көмекшісі,Президент күзетінің бастығы, ҰҚК төрағасы қызметтерін атқарған. 2008 жылыАқмола әскери трибуналының жабық отырысында мемлекетке сатқындық жасады, мемлекеттікқұпияны жариялады, төңкеріс ұйымдастырмақ болды, адам ұрлады деп айыпталып, 35жылға қатаң режимде сырттай бас бостандығынан айырылды. Барлық мемлекеттікнаградаларынан айырылды.

Виктор Храпуновэнергетикаминистрі, Алматы қаласының әкімі болған. Төтенше жағдайлар министрі болыптұрғанда әкім кезінде су қоймалары аймағынан заңсыз жер таратқан деп айыпталып,қызметінен кеткен. 2012 жылы Храпуновтың үстінен бірнеше жемқорлық фактібойынша және экономикалық қылмыстар істеген деп айып тағылғаны туралы айтылған.Оны сырттай ғана айыптап, қамауға үкім шықан. Бірақ шетелге қашып кеткенінебайланысты ұсталмаған. Қазір Швецарияда тұрады.

Оқи отырыңыздар: Әкімнен әкім туады

Мұхтар Әблязов«KEGOС» мемлекеттік компаниясының президенті, энергетика,индустрия және сауда министрі болған. 1999 жылы ақша жымқырды, кірісін жасырды,қылмыстық топ құрып, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып, қамауға алынды.Бірақ артынан босап, «Қазақстанның Демократиялы таңдауы» қозғалысыныңұйымдастырушыларының бірі болды. 2002 жылы қылмыстық топ құрды, заңсызкәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталып, қамалды. Алты жылға сотталды. Бірақ біржылдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев кешірім жасаған. 2009 жылға дейін әртүрліқызмет атқарған. «Банк Тұран Әлем» банкінің директоры болды. 2009 жылы заңсызқызмет етті деп қайтадан айыпталды. Сол кезде Әблязов шетелге қашты. МұхтарӘблязов пен сыбайластары 7,5 млрд доллар ұрлап кетті деген ақпарат бар.

Мұхтар Жәкішев «Казатомпром» Ұлттық атомкомпаниясының президенті еді. 2009 жылы ұсталды. Сот оны қызметін асырапайдаланды, алаяқтықпен айналысты, мемлекет мүлкін заңсыз пайдаланды, пара алдыдеп айыптап, 14 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырды. Биыл түрмедеотырғанына 10 жыл болды. Семей соты уақытынан бұрын босатудан бас тартты. 

Серік Бүркітбаев «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» компанияларыныңбасшысы болған. Әлиев ісімен байланысы бар деген күдік бар. «Қазақтелеком»компаниясының басшысы кезінде Әлиевке телефон әңгімелерін тыңдайтын құрылғыжіберген деп айыпталады. 2008 жылы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды. 2009жылы алты жылға сотталып, 2012 жылы уақытынан бұрын босап шықты. 

Жақсыбек Күлекеев 2008 жылы«Қазақстан Темір Жолы»компаниясының басшысы кезінде ұсталды. Пара алып жатқан жерінде қолға түскен.Үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2009 жылы шартты түрде босап шықты. 2010жылдан бастап, Қазақ мұнай-газ институтының директоры.

2011 жылы денсаулықсақтау министрі болған ЖақсылықДосқалиевтіңісі бойынша үкім шықты. Сот Досқалиевтің мүлкін тәркілеп, 7 жыл басбостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеуге кесті. Жақсылық Досқалиев Астанадағы медицина академиясын басқарып отырған кезде«Астана КБТ» ЖШС-іне жер беріп, сол үшін тоғыз пәтер сыйға алған. Мемлекетке673 миллион 487 мың теңге көлемінде зиян келтірген. Досқалиевқа бірнеше айыптағылған. Министр болып тұрған кезінде пара алды, мемлекет мүлкінталан-таражыға салды деп айыпталған. Жақсылық Досқалиев Н. Назарбаевтан кешірімсұрап, экс-президент сол кезде 7 жыл мерзімін екі жылға дейін қысқартудымақұлдап, кешірген. 2012 жылы мерзімінен бұрын түрмеден босап шықты.

Оқи отырыңыздар: Биліктегіақын-жазушылардың балалары

2013 жылы ауыл шаруалығыныңэкс-вице-министрі Мүслім Өміряевұсталды. Іс жүргізушелердің зерттеуі бойынша шенеунік 100 мың доллар көлеміндепара алған. 2014 жылы сот Мүслім Өміряевті кінәлі деп танып, 10 жылға қатаңрежимде бас бостандығынан айырып, дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. 2016жылы сот экс-шенеуніктің ісін қайта қарап, рақымшылықпен босатқан.

2014 жылы наурызда Павлодароблысының әкімі Ерлан Арындықаржыполициясы Павлодар облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалғанқылмыстық іс бойынша тұтқындаған еді. Әуелде оған «ұйымдасқан қылмыстық топ»құрды, «бюджет қаржысын ысырап қылып, иеленді» деген айыптар тағылған. Кейіноблыстық прокуратура істі қарап, айыптардың кейбірін алып тастаған. Осы жылдыңқарашасында Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылғанауданаралық соты бүгін осы облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынды 3 жылға шарттытүрде бас бостандығынан айыруға және бес жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметатқаруына тыйым салуға үкім шығарды. Ерлан Арын қазір Гумилев атындағы Еуразия университетіжанындағы Отырар кітапханасының директоры. Ерлан Арын босап шығар алдындаэкс-президент Назарбаевтан кешірім сұрады.

Осы уақытта «Астана ЭКСПО-2017»Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы ҚажымұратҮсеновте рақымшылыққа ілікті. Үсенов ұлттық компания қаражатын аса ірікөлемде иеленіп, ысырап ету жолымен 200 миллион теңге ұрлады деген айыппенсотталған болатын. 2015 жылы үй қамаққа алынған, 2016 жылы сотталған  Үсеновтің бұлайша тез босап шығуында не сырбар екен. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттықкомпаниясынан қаржы жымқыру ісі бойынша бірнеше адам сотталған. Істің бастыфигуранты Талғат Ермегияев14 жылғабас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.Осы іс бойынша Аян Адамбаев– мүлкінтәркілей отырып, 7 жылға, СұламбекБаркинхоев– 7 жылға, ОралИбадильдина– мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға,  ШоханМатайбеков– 5 жылға,  Қуаныш Медеуов– мүлкін тәркілейотырып, 8 жылға,  Мұрат Омаров– 8 жылға, ВалерийСин –мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға, МадинаДәулетбаева– 4 жылға,  Азамат Туматаев – 10 жылға басбостандықтарынан айырылған. АлишерПирметов– 5 жылға шартты түрде сотталды. Жемқорлыққа қарсы қызметтіңмәліметінше, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан ұрланған қаражаттыңмөлшері 10 миллиард 200 миллион теңге.

2015 жылы экс-премьер-министр Серік Ахметовмемлекет қаражатынталан-таражыға салғаны үшін деп 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл істе21 фигурант болды. Олардың арасында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев5 жылға, алҚарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловүш жылға бас бостандығынан айырылды. Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұловтардыңжазалары қысқарып, артынан шартты түрде босап шықты. 2017 жылы Серік Ахметовтыңөзі де рақымшылықпен босап шықты. Серік Ахметов босар алдында экс-президентНазарбаевтан кешірім сұраған.

2016 жылы Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжанов жемқорлық үшін мүлкітәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. «Үлкен әкімдік ісі»аталып кеткен қылмыстық іс бойынша қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев«Парақорлыққа делдалболу» және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» баптары бойынша айыпталып,мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мақст Қалиев 2016 жылы-ақайыппұл төлеумен бостандыққа шықса, Ахметбек Ахметжанов 2019 жылы бостандыққашықты. Жазасы қысқарып, айыппұл төледі.

2017 жылы президент әкімшілігініңбұрынғы жоғары шенді қызметкерлері, мемлекеттік құпияны заңсыз жинау, таратужәне әшкере ету" айыбы тағылған БағланМайлыбаевпен Николай Галихингеүкім шыққанын хабарлады. Астананың Есіл аудандық №2 соты Бағлан Майлыбаевты бесжылға, Николай Галихинді төрт жылға бас бостандығынан айырды. Майлыбаевтыңдүние-мүлкі тәркілеп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмірбойына айырылды.

2018 жылы ұлттық экономикаминистрі болған Қуандық Бишімбаев10жылға сотталды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас болған, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, талан-таражға салды, пара алды депайыпталды. Қуандық Бишімбаев 2016 жылдан бастап ұсталып, тергеу ісі 2 жылғажуық жүргізілді. Бишімбаев ісі қоғамда қызу талқыланып, ата-аналары дамәлімделерін жасады. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан БишімбаевМәжіліс депутаты болған. Қуандық Бишімбаевтың ісінің ең қызу талқыланғаны оныңпара алғаны емес, «Болашақты» бітіріп кеп, істі болуы еді. Н. Назарбаевтан кешірімсұраса да, босаған жоқ.

2018 жылы елімізде 1290 адамсыбайлас жемқорлықпен ұсталыпты. Оның 25-і республикалық деңгейдегі, ал 91-і облыстық деңгейдегі басшылар екен.Қалғандары әртүрлі сатыдағы мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы есебі қалай боларекен?

Фотолар: Ашық интернет көздерінен алынды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз