Live

Северцов мұздығынан табылған адам сүйегінің кімге тиесілі екені анықталды

Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцов мұздығынан табылған адам сүйегінің кімге тиесілі екені анықталды.

1

 Беларусь туристері тапқан мәйіт қалдықтары 19 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен альпинистікі болып шықты. Марқұмның туыстары құқық қорғау органдарымен байланысқа шыққан.

Туыстары оның кім екенін әлеуметтік желіде жарияланған суреттер арқылы кездейсоқ анықтаған.

1
Фото: ашық дереккөз

Қызы әкесінің рюкзагын таныған

Жоғалған альпинистің қызы құтқарушылар түсірген суреттерден әкесіне тиесілі сирек кездесетін  рюкзакты таныған. Суретті оған құрбысы жіберіпті.

Осыдан кейін отбасы тергеушімен байланысып, жоғалған адамның мұрағаттағы фотосуреттері мен құжаттарын берген.

Полиция рюкзактың ішін тексерген кезде жоғалған адамның аты-жөні жазылған жеке куәлікті тапқан. Осылайша табылған адамның кім екені анықталған.

Марқұмның қызы әкесінің сүйегін тауып, бұл туралы құтқарушыларға хабарлаған Беларусь туристеріне алғыс білдірді.

Еске салайық, 19 тамызда шетелдік туристер тауда адам денесін байқап, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына координаттары мен видеожазбасын жіберген.

Құтқарушылар тікұшақпен Северцов мұздығына жетіп, мәйіт қалдықтарын төменге түсірген. Кейін олар сараптама жүргізу үшін тергеу-жедел тобына тапсырылды.

Тегтер: Алматы Талғар
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз