Шаңыраққа қара!
Қазақстанның иесі – қазақ. Бұл аксиома. Демек, бұл елде қазақтың мүддесі бірінші орынға шығып, ал тілі салтанат құруы тиіс.
Өкініштісі,бұлай болмай тұр. Қазақ мемлекет құрушы, доминант ұлт болса да, еліміздегі көп этностыңбірі деңгейіндей ғана құқы бар. Ал тілі Ата заңда «мемлекеттік тіл» деп айшықталғанымен, сол деңгейге көтеріле алмады. Мемлекеттегі ұлттар мен ұлыстардың қатынасы болатын ұлтаралық тілгеде айналмады. Неге?
Себеп көп. Кінә өзге ұлтта емес.Өзгеге өзімізді сыйлата алмаған, тілімізді мойындата алмаған өзімізде. Алайда айтқымыз келгені бұл емес. Тілге тиек еткімізкелгені, қоғамда соңғы бір аптада әңгіменің негізгі өзегіне айналған саяси митингілер жөніндегізаң жобасы. Бұл заңды парламент мәжілісі қабылдап, сенатқа жолдады. Қазір талқыланып жатыр. Әлбетте, біздің тарапымыздан заңға қояр артық талабымыз жоқ, десек те, өзге жұрт «тырнақ астынан кір іздеп» жатқанға ұқсайды.
Мәселен, Халықаралық адам құқы мен заңдылықтарды сақтау бюросыныңбасшысы Евгений Жовтис мырза аталмыш заңнан кінәрат тапқанға ұқсайды. Ол kaztag.kz сайтында бүй депті: «Саяси партиялар туралызаңдағы саяси партияларға немесе олар ұйымдастыратын сайлауалды науқандарынақатысу құқығында тек жалғыз шектеу бола алады, оған шетелдіктер қатыса алмайдыдеген. Ал былайша шетелдік азамат кез келген бейбіт митинг өткізуге құқылы емеспе? Оны неге шектеу керек? Егер ол осыелдегі кәсіпорында жұмыс істейтін болса, өз басшылығының белгілі бір әрекет-шешімдерінеқарсы болса, наразылығын танытуға құқылы болуы керек. Шетелдіктер тіпті кәсіподақтарғада мүше болуға құқылы».
«Бақсақ,бақа екен» демекші, оның айтқысы келгені – Қазақстанда шетелдіктермен азаматтығы жоқ азаматтарға да митингіге шығуға рұқсат беру мәселесі заңда қарастырылмапты. Жовтис мырза мұнысымен не айтқысыкелді? Көкейінде не жатыр? Қазақ жерінде қазақ қалып, енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар шерулетуі тиіс пе? Бұған жол беруге болмас. Неге? Заңды жазғандаралдымен елдің ерекшелігін, аумақтық жағдайын, халықтың саясимәдениеті мен құрылымын, этностық құрамы мен дінін, конфессиясын ескеалғаны белгілі. Егер де осы тұрғыдан келетін болсақ, шетелдіктерге митингіге қатысу құқығын беру әлі ерте екені өз-өзінен түсінікті болып тұр.
Қазақстанда шетелден қаржы алып отырған мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар, жүздеген ірі шетелдіккомпаниялар, мыңдаған бірлескенкәсіпорындар бар. Онда он мыңдаған шетелдіктер жұмыс істеуде.Бұдан басқа, қосарланған азаматтығы барлардың өзі қаншама. Әгәрәки, олар түрлі талап қойып митингіге шығып жатса, олардың қолын қайырып, қамаудың арты халықаралық үлкен дауға ұласары хақ. Бұл – бір, мемлекеттің абыройына жағылар қара күйе болса, екіншіден, қауіпсіздіккенұқсан келмек. Онсыз да елімізге келіп нәпақа тауып, тіпті ойларынакелгенін істеп жүргеншетелдіктердің тым дандайсып кетуінезаң жүзінде рұқсат беруге әсте болмайды.
Қысқасы, Жовтистің заңнан кінәрат іздеп, жерденжеті қоян тапқандайданышпансынуының артында басқа пиғыл жатуы мүмкін. Бірақ оның айтқаны бола қоймас. Қазақстан шетелдіктердің диктовкасымен жүретін кезден әлдеқашан өтіпкеткен. Ендігәрі кім болсын шаңыраққа қарап сөйлеп, шаңырақ иесінің ыңғайына қарай ишара жасағаны дұрыс-ау.
Азаматхан ӘМІРТАЙ ,
«Байтақ -Болашақ» экологиялық альянстың төрағасы