Әлеумет

Шенділерді ұстау жалғасуы мүмкін

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Әскер

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс аясында жауапкершілікке тартылуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр. Тергеу барысында қосымша күдіктілер ұсталу ықтималдығы бар.

Бұған дейін осы іс бойынша Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы және тағы төрт лауазымды қызметкер ұсталғаны хабарланған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: сарбаз өлімі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз