Әлеумет

ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстан облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

жер сілкінісі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі 6 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 23:08-де болған.

«2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 23:08-де ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары: 49.167° солтүстік ендік, 84.417° шығыс бойлық. ШҚО-ның Үлкен Нарын ауылында есептік қарқындылығы 2 балды құрады», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары, гидротехникалық нысандар, көшкін және сел қаупі бар учаскелердің жағдайын тексерген.

 Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталмаған. Нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мәліметінше, жағдай тұрақты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз