Live

ШҚО-да сотталғандар түрмеде отырып ақша бопсалаумен айналысқан

Бас прокуратураның қадағалау қызметі барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде сотталғандар тарапынан ақша бопсалау фактісі анықталды.

амнистия

Аталған іс бойынша қылмыстық өндірісті арнайы прокурорлар жүргізді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың шілде-қараша айлары аралығында криминалдық идеологияны ұстанған сотталған Ж. басқа сотталған К.-мен сөз байласып, түзеу мекемесіне жаңадан келген сотталған М.-дан күш қолданамыз деп қорқытып, «қамқорлық көрсетеміз» деген желеумен ақша талап еткен.

Арнайы прокурорлар күдіктілердің қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды жинап, қылмыстық істі сот қарауына жолдады.

Глубокое аудандық сотының 2026 жылғы 29 шілдедегі үкімімен екі сотталушы да Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот олардың бұрынғы жазасына қосымша мерзім қосып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз