Live

СҚО-да кәріз сорғы станциясында екі жұмысшы қаза тапты

Саумалкөл ауылында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы көз жұмды.

полиция

Солтүстік Қазақстан облысының Алдын ала мәлімет бойынша, мердігер ұйым қызметкерлері кәріз сорғы станциясында жұмыс барысында газдан уланып қалған. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлады.

Марқұмдар – электрші мен слесарь. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған.

СҚО полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапқан.

«Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда да осындай қайғылы жағдай тіркелген. Өткен жылы екі жұмысшы кәріз құдығында жұмыс барысында газдан уланып, қаза тапқан еді.

Тегтер: газ улану
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз