Қоғам

СІМ Грузияда Қазақстан азаматының есірткімен ұсталғанын растады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл 22 сәуірде Грузияның Имеретия өңірінде отандасымыздың есірткімен ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

СІМ

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматына Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Ол есірткі заттарын заңсыз иемденді және сақтады деген күдікке ілініп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан консулы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыс орнатқан.

Сыртқы істер министрлігі бұл істі бақылауға алғанын хабарлады. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз