Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:17, 03 Шілде 2024

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылданады

р
Фото: pixabay

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына арналған шығармалар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. 

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Айта кетейік, «Айбоз» - отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық.