Әлеумет

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласына қатысты шешім шығарды

Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығару кезінде төрағалық етуші судья Зарема Хамидуллина сот оның кәмелетке толмаған бес баласына қатысты жеке қаулы қабылдағанын мәлімдеді.

Сұлтан Сәрсемәлиев

– Сот балалардың одан арғы тағдырына қатысты қамқорлық және орналастыру мәселелерін Атырау облыстық Білім басқармасына жүктеу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар Қызылқоға ауданы әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқандардан қалған тұрғын үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеу тапсырылды. Бұл балалардың мүліктік құқықтарын қорғау үшін қажет, – деді судья Зарема Хамидуллина.

Еске салсақ, Сұлтан Сәрсемәлиев – бес баланың әкесі. Оның кенже баласы 2025 жылы дүниеге келген.

2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия балаларды мемлекеттің қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған. Оған дейін балаларға Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы қараған.

Алғашында үш үлкен бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, жасы бір және үштегі екі кіші бала мамандандырылған балалар үйіне жіберілген.

Кейінірек үш пен тоғыз жас аралығындағы төрт баланың Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында екені, ал ең кіші баланың арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз