Әлеумет

Стендапер Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды

Астанада стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті мемлекеттік орган өкілдерінің араласуымен тоқтатылды.

Ғалым Қалиақпаров

Есіл ауданы әкімдігі бұған ұйымдастырушылардың шара туралы 10 күн бұрын хабарламағаны себеп болғанын мәлімдеді. 

19 тамызда Carlin Stand Up Bar-да Қалиақпаров өнер көрсетіп жатқанда сахнаға азаматтық киімдегі ер адам шығып, шараны тоқтатуды талап еткен. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол концерттің заңсыз өтіп жатқанын айтып, кейін комиктің былапыт сөз қолданып жатқанын да алға тартады.

Қалиақпаров жағдайды әзілге айналдырып, көрермендеріне «10 тәуліктен кейін кездесеміз» деген.

Кейін Есіл ауданы әкімдігі оқиғаға түсініктеме беріп, ұйымдастырушылар әкімдікке шара өтетіні туралы міндетті хабарламаны 10 күн бұрын жолдамағанын мәлімдеді. Әкімдік қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын түсіндіру үшін келгенін, кейін ұйымдастырушылардың полиция басқармасына жеткізіліп, профилактикалық әңгімеден соң босатылғанын хабарлады.

Айта кетейік, Астанадағы оқиғадан кейін Қалиақпаровтың 21 тамызда Алматыда өтуге тиіс концерті де тоқтатылды. Ұйымдастырушылар бұған «өздеріне байланысты емес себептер» болғанын мәлімдеді. Алайда екі оқиғаның өзара байланысы бар-жоғы әзірге ресми түрде айтылған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз