Әлеумет

АҚШ-та мектепте атыс болып, үш оқушы мен мұғалім қаза тапты

АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, төрт адам қаза тапты.

1

 Олардың үшеуі – оқушы, біреуі – мұғалім. Шабуыл жасады деген күдікке 16 жастағы жасөспірім ілінген. Бұл туралы Reuters жазды.

Қайғылы оқиға 15 қазанда Орегон штатының Бенд қаласындағы Silver Rail бастауыш мектебінде болған.

Қаза тапқан балалар 5, 8 және 11 жаста болған. Тағы екі адам – 7 жастағы оқушы мен 54 жастағы мұғалім ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Полиция мәліметінше, 16 жастағы күдікті мектептің құлыпталған есіктеріне оқ атып, ғимаратқа кірген. Кейін оның соңынан қаруланған жергілікті тұрғын қуып, жасөспірімді атып өлтірген.

Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге жасөспірімнің мектепке не себепті шабуыл жасағаны белгісіз.

Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

Тегтер: АҚШ атыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз