Әлеумет

Абу-Даби ханшайымы Лондон көшесінде ес-түссіз күйде табылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің билеуші әулетінің өкілі, 32 жастағы Махра әл-Нахайян Лондон көшелерінің бірінде ес-түссіз күйде табылды.

1

Оның жанында үш жасар бала қараусыз жүрген. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Оқиға биыл маусым айында болған. Ханшайым үйдің жанында жалаңаяқ, чемоданы мен шашылған заттарының қасында жатқан. Ал оның қарауындағы үш жасар бала көлік көп жүретін жолға шығып кеткен.

Басылым мәліметінше, әл-Нахайян бірнеше күн бойы танысымен бірге есірткі, соның ішінде кокаин қолданған. Кейін екеуі де көшеде ес-түссіз жатқан жерінен табылған.

13 қазанда Лондон соты ханшайымды балаға тиісті күтім жасамағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған екі жылдық қадағалау мерзімі белгіленіп, міндетті оңалтудан өту және жалпы 6 мың фунт стерлинг айыппұл мен сот шығынын төлеу міндеттелді.

Сотта Махра әл-Нахайян баланы қараусыз қалдырғанын мойындаған.

Daily Mail мәліметінше, Абу-Даби билеуші әулетінің байлығы 250 миллиард фунт стерлингтен асады. Ал ханшайымның жеке шығындарына ай сайын 8 мың фунт бөлінеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз