Суицид тіркелген мектептің директоры қызметінен босатылады
Оңтүстікте жыл басынан бері жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 9 оқиғасы тіркелген.
Оның 4-еуі Шымкентте орын алған.Облыс орталығында асылып қайтыс болған 11 сынып оқушысының өлімалды хаты табылған болатын. Онда ол мектепте әлімжеттік жасауға қатысы бар деген бірқатар оқушылардың аты-жөндерін жазып қалдырған көрінеді. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қоғамдық кеңестің отырысында оқушылар арасындағы осы суицид оқиғаларына қатысты пікірін білдірді. — Соңғы екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үлкендердің кішілерге әлімжеттік жасап жүргенін арнайы инспектор, мұғалімдер, директордың білмеуі мүмкін емес,- деді шаһар басшысы. Н.Сауранбаев алдағы уақытта оқушының суцидке баруы жоғары сынып оқушыларының кішілірге әлімжеттік көрсетуімен, ақша жинауы сияқты жәйттармен байланысты болса, онда мектеп директорының қызметімен хош айтысатынын мәлім етті.-Қазір екі жағдай бойынша мектеп басшыларына ескерту бердік. Келесі жолы бірден қызметінен босатылады,- деді Нұрлан Сауранбаев.