Әлеумет

Сұлтан Серікбай: "Нұрайды жоғалтқанан кейін ештеңеден қорықпаймыз"

2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапты. Тергеу дерегінше, ол үйінен дүкенге шыққан сәтте ер адамның шабуылына ұшыраған. Күдікті қызды бірнеше жерінен пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ол қала сыртынан ұсталды.

Сұлтан мен Нұрай Серікбай

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Нұрайдың туыстары күдіктінің бұған дейін де қызды аңдып, мазасын алып, қоқан-лоқы көрсеткенін айтып, полиция дер кезінде әрекет етпеді деп мәлімдеді. Іс әйелдің қауіпсіздігі, сталкинг, қыз алып қашу және құқық қорғау органдарының жауапкершілігі туралы үлкен талқылауға себеп болды.

Тергеу барысында күдікті Шерхан Аймаханға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды.

Кейін сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс прокуратураға жолданды. Алайда Нұрайдың жақындары тергеуде бірқатар кемшілік болғанын айтып, істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етті.

Нұрай ісі бойынша алғашқы сот отырысы 21 шілдеде өтуі керек еді. Бірақ айыпталушы Шерхан Аймаханның денсаулығына байланысты отырыс кейінге шегерілді. Қолда бар мәлімет бойынша, сот 23 шілдеге белгіленді.

Жас Алаш Нұрай ісі бойынша Сұлтан Серікбайдан бұған дейін эксклюзив сұхбат алған еді. Енді істің мән-жайын, тергеудің қалай өткенін Нұрайдың ағасының өзінен тыңдайық.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз