Саясат

Тағдыры талқан болған топ-менеджер

Енді қайтаданталап арыз түспесе, 10-15 күнде Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығуы тиіс.

Тағдыры талқан болған топ-менеджер

    Ал бостандықтыңсаф ауасын сезінудің жөні бөлек. Бірақ ең қиыны, осыдан 11 жыл бұрын «Нұр Отан»партиясының мүшесі әрі мәжіліс депутаты болған бір әйелдің әңгімесі Жәкішевтің өмірінтас-талқан етті. «Қазақстандағы бірқатар уран кеніштерін Әблязовтің қарамағындағыфирмаларға сатып жіберді», – деген Татьяна Квятковскаяның атақты баспасөз мәслихатынанкейін Жәкішевті бақылау және қудалау басталды. Ол 14жылға сотталды. Бірақ…

     1998 жылы «Қазатомөндірістің»басына жетекші болып келген Жәкішев бір жылдан кейін 85 миллиард доллар қарыздыжапты. Қазақстанның уран экспортына қойылған шектеулер алынып тасталды. Жәкішевкомпанияны басқарған 10 жылдың ішінде Қазақстан уран өндірісі жөнінен алғашқыорынға шықты. Бірақмұны ескерген, бағалаған билік болмады. Әлемдік нарықта уран өндіруден қазақтыңбасты күшке ие болуы көршімізге ұнаған жоқ.

     Жәкішев сотталғаннанкейін уран өндірісінің басына ресейшіл топ келді. Қазақстанның уран нарығыРесейге қарай бағыт алды. Ал «Квятковскаяның баспасөз мәслихаты тапсырыспенжасалды». Сарапшылардыңбүгінгі берер бағасы осындай.

     Бірақ 11 жыл тарқапаста отырса да,мықты менеджер Мұхтар Жәкішевтің сағы сынған жоқ. Мойымады. Ақырына дейіншыдады. Өзіне жала жабылғанын айтты. Бірақ ол бостандыққа шыққанымен, кезіндемойнына ілінген  99,6 миллиардтеңге шығынды өтеуі тиіс. Бұл – бір. Екіншіден, Жәкішев жаза мерзімі толық аяқталмайынша, Қазақстаннансырт жерге кете  алмайды. Үшіншіден, олтар қапаста денсаулығын құртты. Төртіншіден,3-топтағы мүгедек.

      Мұхтар Жәкішевтің 11 жылдан кейін бостандыққа шығуынакім ықпал етті? Дулат Ағаділдің түрмедегіөлімі ме? Халықтың кейінгі кездегі шектен тыс шеруге шығып, талап етуі ме? Жоқ әлдеҚазақстан  билігі осы екі саяси күрестіңастарында өздерін ақтап алғысы келді ме? Пікір әртүрлі.

    Ал Жәкішевтісоттатқан Татьяна Квятковская қазір қайда жүр? Ешкімбілмейді. Мүмкін,Ресей асып кетті ме?!..

                                                                                                                                         Батыр ЖАСҰЛАН

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз