Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:46, 20 Маусым 2024

«Таңбалы» қорық-музейінде VII-VIII ғасырларға жататын тиын табылды

тиын
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде жаңалық ашты.

Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады, делінген хабарламада.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны айтылған.