Таразда бір топ жасөспірім қатарласын жабылып соққыға жыққан
Таразда 4-7 жасөспірім қатарласын жабылып ұрған.
Оқиғаға куә болған өтіп бара жатқан тұрғындар араласып, төбелесті тоқтатқан. Кейін полиция шақырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан жасөспірімдер №47 мектептің оқушылары болуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға наразылық білдіріп, мұндай оқиғалар алғаш рет болып отырмағанын айтады. Олар істің әділ тергелуін және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде.
Қазіргі уақытта өңірлік полиция департаментінің ресми түсініктемесі күтілуде.