Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 20 Қараша 2023

Таразда күкірт қышқылы құйылған заңсыз резервуар анықталды

Тараз
Фото: из открытых источников

Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Таразда полицейлер күкірт қышқылы құйылған заңсыз цистернаны анықтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Полицейлер жедел іс-шара жүргізудің барысында 32 дәріхана, жеті медициналық мекеме мен үш кәсіпорынды тексерді.

Тараздағы зауыттардың бірінде жүргізілген тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар резервуар табылып, жабылды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар тексерілуде, деді полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әлім Бәжікбаев.

Төрт күндік жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер есірткіге қарсы 8 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. 1680 таблетка мен бес келі улы зат тәркіленді.