Әлеумет

Теміртауда 370 миллионға салынған үйді бұзып, қайта салады

Теміртау қаласында баспанаға кезекте тұрған халыққасалынып жатқан көп қабатты үй бір жағына қисайып кетті.

Теміртауда 370 миллионға салынған үйді бұзып, қайта салады

Бұл туралы  өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Құрылысы толық аяқталмаған үйді 31 шілдеде қолданысқаберуі керек болатын. Алайда мамыр айында пәтерлердің қабырғалары  сөгіліп, жарыла бастаған. Осы кезде  мердігер Агропромстрой ЖШС-нің басшылығы «қабырғаныңжарылуында  тұрған ештеңе жоқ. Құрылысжұмыстарын жалғастыра беруге болады. Үйді қыста бастағандықтан соның әсеріболуы керек»,деп мәлімдемесімен сабырға шақырған. Алайда  қадағалаушы мамандар, бүгінде осы үйді жәнеқасында көршілес салынып жатқан екінші бір тұрғын үйді қабылдаудан бас тартқан.

Салынбай жатып бір жағына қисая бастаған бұл тұрғын үйгекезекте тұрған  50 отбасын  қоныстандыру жоспарланған. Алайда пәтеркүткендерге жуық маңда баспана кілті табыс етілмейді. «ҚазМИРР»институтының мамандары бұл үйді үш ай бойы тексеріп, ақырсоңында «үйдің бір бөлігі 3 милиметрден 30 милиметрге дейін қисайған» дегенқорытынды жасады. Ең бір сорақысы сол құрылысы аяқталып қалған үйді бұзыпқайтадан салуға тура келеді. Мұнда ғимараттың жобасын жасаушы мамандармен құрылысшылар  қателікке жол беріп алған.

«Біз енді күтіпотырмаймыз, үйді бұзып қайтадан салу керек деген шешімге келдік. Қазірдіңөзінде  ғимаратты бұзу  демонтаж жұмыстары қолға алынды», — депмәлімдеді Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВ.

Ал  мердігер болса шенеуніктердіңбұл қорытындысымен келіспейтіндігін айтып, әкімшілікке хат жазған. Мердігергеенді құрылысқа бөлінген қаражатты кері қайтаруға тура келеді.Қисайып қалғанүйдің жанына салынып жатқан екінші үйге де тағы елу отбасы қоныстана алмайотыр. Бұл үйді де сол мердігер тұрғызған. Әрі оның құрылысы аяқталуға жақынқалыпты. Шенеуніктердің мәліметінше екі үйді бірдей мерзімде пайдалануға беруқажет екен. Өйткені екі үйдің коммуникациялық желілері ортақ болып тұр. Дауға ұласқанекі тұрғын үйді салу үшін қалалық және республикалық бюджеттен 740 млн теңгебөлініпті.Осылайша салғырттықпен қателіктің салдарынан кезекте тұрған 100отбасына баспананы тағы күте тұрудан басқа амал қалмайды.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз