Live

The Economist: Украина соғыстағы басымдықты Ресейден тартып алды

Украина соңғы үш жыл ішінде алғаш рет соғыстағы басымдықты Ресейден тартып алғанға ұқсайды. Бұл туралы The Economist журналы 10 мамыр күні жариялаған талдамалық мақаласында жазды.

украина

Басылымның атап өтуінше, қыс бойы Ресей дрондар мен зымыран шабуылдары арқылы Украина қалалары мен энергетикалық жүйесіне дерлік күн сайын соққы жасап келген. Алайда қазір жағдай өзгере бастаған.

«Украина қазір әрбір әрекеті арқылы Ресейге барған сайын үлкен шығын келтіріп жатыр», — деп жазады басылым.

Мақалада Ресейдің болжанған көктемгі шабуылы нәтижесіз болғаны айтылған. 2026 жылдың сәуірінде Ресей Қарулы күштері 2024 жылдың тамызынан бері алғаш рет басып алған аумақтан көбірек жер жоғалтқан.

The Economist АҚШ-тағы Соғысты зерттеу институтының (ISW) карталарына сүйене отырып, соңғы 30 күн ішінде Ресей 133 шаршы шақырым аумақты бақылаудан айырылғанын хабарлайды.

Сонымен қатар Украина тарапынан Ресей аумағына жасалып жатқан ұзақ қашықтықтағы соққылардың ауқымы, қашықтығы және қарқыны артып келе жатқаны айтылған.

Басылым мәліметінше, наурыз айында Украина алғаш рет ұзақ қашықтықтағы дрон шабуылдарының саны бойынша Ресейден асып түскен.

Украина дрондары шекарадан шамамен 2000 шақырым қашықтықтағы экономикалық және әскери нысандарға тұрақты түрде соққы беріп жатыр. Бұл Ресей халқының шамамен 70 пайызы украин дрондары жете алатын аймақта тұрады дегенді білдіреді.

The Economist есебінше, Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық басталғалы бері 1,4 миллион әскери қызметшісінен айырылған. Бұл қатарға қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар кіреді. Қазір Ресей армиясының ай сайынғы шығыны шамамен 35 мың адамды құрайды.

Лондондағы Корольдік колледждің әскери зерттеулер факультетінің құрметті профессоры Лоуренс Фридманның пікірінше, алдағы айлар соғыстың тағдыры үшін шешуші кезең болмақ.

Оның айтуынша, осы уақытта Ресей Украинаның дрон технологиялары саласындағы жетістіктеріне қалай жауап беретіні және жазғы шабуыл үшін ірі күш жинап-жинамағаны белгілі болады.

11 мамыр күні Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Брюссельде өткен ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Украина қазір бір жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда мықты позицияда тұрғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин керісінше «бұрынғыдан да әлсіз жағдайда» қалып отыр.

Жақында, Путин журналистерге Украинадағы соғыс аяқталып келе жатыр деген мәнде пікір білдіреген еді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз