Тоғжановтың кадры Трұмовты «тыпыр» еткізбей отыр
Маңғыстауда халықтыңжағдайынан гөрі жергілікті әкімдердің «жетістіктерін» күні-түні жырлайтын мемлекеттік басылымдарды енді облыс басшыларының «ұртоқпағына»біржолата айналдыру ісі сәтті жүріп жатқан сыңайлы.
Осы мақсатта жер-жердеәкімдіктер мен «Нұр Отан» партиясы нұсқау беріп отыратын медиа-орталықтар құрылды.
Бірнеше басылымның басын бір қазанға сыйдырған«Маңғыстау-медиа» ЖШС да дәл сондай құрылым. Рас, бұл орталық облыстың бұрынғыәкімі Алик Айдарбаевтың кезінде дүниеге келген-ді. Құрамына «Жаңа өңір»,«Мұнайлы», «Рауан», «Қарақия», «Огни Мангистау» сияқты бірнеше басылымдытоптастырған. Меншік иесі – Маңғыстау облысы әкімінің аппараты.
Ералы Тоғжанов облыста әкім болып тұрған тұста«Маңғыстау-медианың» жұмысына едәуір «жан бітті». «Мемлекеттік сатып алу»порталы арқылы кәсіпорынға бюджеттің миллиондаған қаржысы құйылды. Тоғжановқызметінен кетерден сәл бұрын, 2019 жылдың 11 наурызында «Маңғыстау-медиа» ЖШС-ынаАйсұлу Дүтбаеваны директор етіп тағайындады. Міне, даудың басы осы әйелденбасталып отыр.
Айсұлу ДүтбаеваМаңғыстау өңіріне аса танымал емес. Қолында журналистік дипломы болғанымен,мұнайлы өңір басылымдарындағы белсенді жұмысын ешкім білмейді. Өзінің айтуынша,Атырау қаласында бір телеарнада жұмыс істеген көрінеді. Бірақ жұмыстыұйымдастыратын басшылық қызметке жазушылық өнердің қажеті де жоқ шығар.Басшының міндеті ұжымды айрандай ұйытып, сілтідей тындыруы керек қой. Аты-жөнінатағысы келмеген аудандық газеттің тілшісі бізге телефон арқылы мынандайпікірін білдірді: «Медиа-орталықжетекшісінің негізгі қызметтік міндеттері қызметкерлерді айлық-жалақыменқамтамасыз ету, басылымдарға жазылушылар мен жарнама тарту, ұйымдастыружұмыстары болса керек. Ал Айсұлу Дүтбаеваның қызметінен мұндай еш нәрсе көріптұрған жоқпыз. Не журналистік, не филологиялық сауаты жетпесе де, қарамағындағысегіз газет, бір сайттың шығармашылық жұмыстарына тікелей араласуын доғараремес. Тоғжановтың кадрларына жаманат келмесін деп, Тоғжановтың бұрынғы кемшіліктеріжарияланып кетпесін деп барын салады. Қазақ тілін жақсы білмесе де, мақалалардықалауынша өзгертеді. Жақында облыс әкімі Серікбай Трұмовқа арнап «АйсұлуДүтбаева керемет жұмыстар атқарып тастады, оны қызметтен кетірмеңіз. Егерқызметінен алып тастайтын болсаңыз, біз президент әкімшілігіне дейіншағымданамыз» деген ауанда «Маңғыстау-медиа» ЖШС атынан ұжымдық хат жазды. Олхатқа журналистердің 90 пайызы қол қойған жоқ. «Шантаж-хатқа» қол қойғандардыңдені – көлік жүргізушілері, корректорлар, қарауылдар мен техникалық қызметкерлер. Мұндай орынға қазақ тілін жетік білетінсауатты адам отыруы керек қой. Тоғжановтың «артын» қашанғы тазалай береді?!»
Әлеуметтікжеліні бұрынғы қызметкерлердің «Тоғжановтың кадры қудалады, жұмыстан шығарды,жала жапты» деген байбалам мен тып-тыныш тілшілерді іркіттей іріткен айқай-шуыбасылар емес. Қалайына жақпаған журналист Айнұр Кемалованы жұмыстан шығарыптастаған. Кейін ол туралы «бұрынАқтөбеде талай қылмыс жасаған» деп жала жауыпты. Өз кезегінде Айнұр Кемаловаэлектронды үкімет порталынан істі болмағанын дәлелдейтін анықтама салды.
Маңғыстауөңіріне белгілі зиялы қауым өкілі, прокуратураның бұрынғы қызметкері АманжолНазар да әлеуметтік желідегі парақшасында Айсұлу Дүтбаева туралы мынандай жазбақалдырған (стилі мен орфографиясы сақталған): «Ашық сынға, қатаң бопсаға шыдамайтын,демократияның алғы шарттарының (принциптері) бірі – плюрализм мнений (пікіралуандығы) үрдісін қолдамайтын адам қалай жүз адамдық «сен тұра тұр, мен атайын»,ауыздықпен алысқан шу асау қалам иелерімен т.е. журналистер қауымынбасқарғанына таң қалып жүрмін. Өзі номинально «басқарып» отырған, фактическибасқармай отырған «Маңғыстау-медиа» ЖШС ұжымының 30 пайызы әлдебір өтініш хатқақол қойыпты. Облыс әкімі бұл хатқа жауап бермеуге құқылы немесе қанағаттандырмауғаміндетті. Себеп па? Себеп: кворум жоқ. Себеп: ұжымының 70 пайызы өтініш хатқақол қоймаған, демек, олар аталған ЖШС басшысына, яғни Айсұлу Дүтбаеваға қарсы,оны деректір деп мойындамайды. Жалпы, менің өзім Айсұлу Дүтбаеваға қандай қызмететуіне қарсы емеспін. Бірақ өзі қызмет ету, өзін көрсету бөлек, үлкен ұжымменістесу, тіл табысу бөлек. Өзіндік тарихы бар, өзіндік қолтаңбасы бар,қалыптасқан өрен ізі бар үлкен ұжымға өзімдегендік жасау бұл тәжірибесіздіктенбасшылық өтілдің аздығы және осы басшылық орынға тағайындаған адамның қателігінемесе рекомендация ходатайства берген адамның қателігі немесе құпия арандатуыдеп санауға әбден болады. Үлкен ұжымға басшы болу үлкен жауапкершілікті қажететеді. Тек қана біліктілікті, кәсіби шеберлік емес адами қарым қатынас орнатуүшін басшы адам үлкен жүрек иесі болу керек. Бұл аталған ұжымда Айсұлу Дүтбаеватворчестволық ортада творчестволық қадам жасап творчествовалық ахуал орнатаалмаған тәрізді».
Ұзынқұлақтанжеткен хабарға сенсек, Айсұлу Дүтбаева Маңғыстау облысы әкімдігіне барып, тағыда бір ай жұмыс істей тұруға, сөйтіп, артындағы былықтарды тазалап кетугемұрсат алыпты дейді. Қазір өткен-кеткені күдікті, маргинал блогерлерді ақығажалдап, өзін ақтап алатындай постар жазуға кіріскен көрінеді. Тіпті биліктіңменшігіндегі республикалық бір телеарна Айсұлу Дүтбаеваны «сүттен ақ, судантаза» дегенге саятын сюжет түсіруге тапсырма алыпты. Егер бұл айтылғандар расболып шықса, оның артында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтыңтұрғанына еш күмән қалмайды.
Артында қалғанкадры Трұмовты «тыпыр» еткізбей отырса, Тоғжановтың Маңғыстауда біраз былығы«жабылмай» қалған секілді. Бірақ шындық асықпайды. Ерте ме, кеш пе, қуыпжетеді. Біз соған сенеміз.
Бет қатталып жатқанда:
Өз атын көрсетпеуді қалаған «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-на қарасты Түпқараған аудандық газетінің тілшісі өзінің пікірін жазып жіберіпті.
Тоқтар мырза, маңғыстаулық журналистердің құқығы тапталды. 8 газет, 1 сайттың басы біріккен«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дүтбаеваның ұжыммен тіл табыса алмауы,әріптестерін адам қатарына жатқызбай, жазған материалын автордың рұқсатынсызтүзеп-күзеуі, өзі басқарған уақыт ішінде ешқандай өзгеріс жасамауы әріптестерініңтөзімін сарқып, шыдамын тауысып бітірді. Дүтбаеваның әу баста, қызметке келгенкездегі ұжымға берген уәдесінің бірде-бірі орындалған жоқ. Ұжымда сөзбостандығы атымен жоқ, өзіне ұнамайтын пікір айтқан журналистің жеке басынақоқан-лоқы көрсетіп, әріптестерінен аластап тынады. Әлеуметтік желіге қарсыпікір білдірілсе, жоғарғы жақта таныстары бар екенін айтып қорқытатын басшыұжым арасында ылғи да кикілжің тудырып, жік салып отырады. Алматы, Астанаданқай-қайдағы блогерлер мен пиарщиктерді шақыру арқылы ұжымға супер басшы болыпотырғандай сырт көзге көрсету арқылы, осы күнге дейін айтылып келе жатқанмәселелерді жабулы қазан жабулы күйінде қалдырады. «Маңғыстау облыстықорыстілді басылым «Огни Мангистау» газетін жабамын дегенім үшін маған орыс журналистеріқастандық жасап отыр» деу арқылы ол қазақтілділер ұпай жинамақ. Осылайдискриминация жасау арқылы, өз креслосын сақтап қалмақ болып отырғанын ұжымныңбарлығы жақсы біліп отыр.
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»