Live

Төлегенова соттан жеңіл жаза сұрады

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сотта айыпталушы соңғы сөзін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Жанабыловтар

Эльмира Төлегенова сотта күйеуі екеуі болған жағдай үшін жауапкершілікті түсінетінін айтып, заң бұзғандарына өкінетінін жеткізді. Ол соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдануды өтінді.

Сонымен қатар, айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірді.

Судья Әділбек Баймаханов мұндай өтініш сот тергеуі аяқталмай тұрып берілуі тиіс екенін ескертті. Дегенмен қорғаушы тарап оны процестің кез келген кезеңінде беруге болатынын айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев келісім жасау үшін айыпталушылар кінәсін толық мойындауы керегін атап өтті. Судья прокурорға бұл өтінішті қарау үшін бір сағат уақыт берді.

Еске салайық, блогерлерге Қылмыстық кодекстің «заңсыз кәсіпкерлік» және «қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру» баптары бойынша айып тағылған. Прокурор оларды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Тегтер: Жанабыловтар
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз