Саясат

Тоқаев дамбаның жарылуына байланысты Өзбекстан президентімен сөйлесті

Қасым-ЖомартТоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті,-депхабарлайды Ақ Орда.

Тоқаев дамбаның жарылуына байланысты Өзбекстан президентімен сөйлесті

 

Тараптар қазіргіжағдай мен қос елдің шекаралас аймақтарындағы Сардоба су қоймасындағы төтеншежағдайдың салдарын жою үшін тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерінталқылады.

Президенттер өз үкіметіне келісілген жұмысты қамтамасыз етудіжәне туындаған барлық мәселелерді жедел шешуді тапсырғаны атап өтілді.

Екі елдің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұру жәнеоның екіжақты сауда-экономикалық байланыстарға теріс әсерін азайту жөнінде қолғаалынған тиімді шаралар өзара қолдауға ие болды.

Қостанайда бірлескен кәсіпорнында автомобиль өндірісін кеңейтудіде қамтитын, сол секілді ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарығынашығару, заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және басқабағыттар бойынша экономиканың басым салаларында бірқатар жаңа ынтымақтастықбағдарламалары мен жобаларын дайындау және оларды іске асыру туралы өзаракелісімге қол жеткізілді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз