Саясат

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты үндеу жолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусжағдайына байланысты кезекті телевизиялық үндеу жасайды.

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты үндеу жолдайды

Бұл туралыПрезиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Оның айтуынша, Президентүндеуін келесі аптада жасайды.

«Соңғы кездері ҚазақстанПрезидентінің жұмыс кестесі мейлінше өзгергені жасырын емес. Елімізде Төтеншежағдай енгізілді, осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлының жұмыс кестесі деТөтенше жағдай режиміне көшті. Президентке келетін шұғыл әрі сараптамалықақпараттардың саны күрт өсті. Ал бұған дер кезінде жауап беріп, шара қолданукерек. Мемлекет басшысы жаңартылған форматта жұмыс істеп жатыр. Бүгіндекөптеген жиындар мен кездесулер видео байланыс арқылы өткізілуде. Коронавирусқақарсы күрес — күн тәртібінде қарастырылатын негізгі мәселе», — делінген жазбада.

Сондай-ақ, жазбадаҚасым-Жомарт Кемелұлы күн сайын Үкіметтің, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттіккомиссия мүшелерінің, өңір басшыларының есептерін тыңдайтыны айтылады.

«Жақында ғана Президент барлықоблыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне телефон шалып,шағын және орта бизнесті қолдауға, халықты әлеуметтік қорғауға, көктемгі егіснауқанына және су тасқынына қарсы жұмыстарға байланысты нақты тапсырмаберді. Еліміздегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал үнемі өзгеруде.Жуырда түскен ақпараттар негізінде Төтенше жағдай режимінің және карантиншараларының ұзартылуына қатысты тиісті шешім қабылданатын болады. Осы реттеМемлекет басшысы дағдарысқа қарсы менеджменттен бөлек, стратегиялық жоспарлауғада мән беріп отырғанын есте ұстауымыз керек. Ерте ме, кеш пе, Төтенше жағдайбітеді. Содан кейін алдымыздан экономиканың құрылымын қайта қарау міндетішығады. Сондықтан алдымызға орта және ұзақ мерзімге арналған жаңа мақсаттар қоюкерек. Президент көптеген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жаңарту қажеттігінайтты. Мұнай бағасының бірден құлдырауы экономика мен қаржы секторына реформажүргізіп, индустрияландыру мен цифрландыруды нақты жүзеге асыру керек екенінкөрсетіп отыр. Денсаулық сақтау және білім салаларын да үлкен өзгеріс күтіптұр. Мемлекет басшысы жаңа талаптарға жауап беретін стратегиялық шешімдерәзірлеуді тапсырды», — дейді ол.

Берік Уәлидің айтуынша,қазіргі уақытта бұл мәселе негізінен телефон арқылы немесе видео конференцияформатында жүріп жатыр.

«Мемлекет басшысы азаматтарымыздыңденсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең басты міндет санайды.Ол барлық отандастарымызды Төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауғашақырады. Жақындарымыздың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершіліктісезінуіміз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, «халықсыз экономикаболмайды». Сондықтан ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Президенттіңтікелей тапсырмасы бойынша азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен жәнеҰлттық қордан қаражат бөлінуде. Мемлекет басшысы осы айтылған мәселелердің оңшешілуін үнемі бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар келесі аптада Президентеліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуінжариялайды»,- делінген Президенттің баспасөз хатшысыныңжазбасында.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз