Саясат

Тоқаев Мамин үкіметіне сенді

Кешелі бері отандық БАҚ-та Асқар МАМИН үкіметі тарайды ма деген сауалқойылған еді.

Тоқаев Мамин үкіметіне сенді

Ресей Федерациясы мен Өзбекстан үкіметінің отставкасынан кейінкейбір сарапшылар түрлі болжамдарын да білдіріп жатты. Бүгін астанада мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен жиында бұл алып-қашпаәңгімеге нүкте қойылды. Керісінше президент министрлер кабинетіне сенімбілдіретін байқатты.

«Жалпы сөгіс беру жақсынәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл менің нақты ұстанымым. Сондықтан,үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріпотырмын. Сондықтан, бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зоржауапкершілікпен орындау қажет», — деді президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ.

Үкіметбасшысы Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ президенттің сайлау алды бағдарламасы мен Қазақстанхалқына жолдауындағы міндеттерді орындау үшін жұмыстар атқарып жатқанын баянетті. Әрине, экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының5 институционалдық  реформасын да ұмытқалдырған жоқ.

«Еңбек нарығы да тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%құрады. 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 280 мыңғажуық — тұрақты жұмыс орындары.Трансферттерді қоспағанда мемлекеттік бюджеткірістері 9 трлн 688 млрд теңге немесе жоспар 101,2% орындалды. Бұл 2018жылғы кірістерден 1,5 трлн теңгеге көп.Трансферттерді есепке алмағандареспубликалық бюджет кірістері бойынша жоспар 100,6% ал жергілікті бюджеттер103% орындалды.Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 14 трлн 180 млрд теңге немесежоспар 99,7% орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет шығыстары — 99,9%,ал жергілікті бюджеттер — 99,4% орындалды», — деді өз кезегіндепремьер-министр.  

Фото: primeminister.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз