Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.
"Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан халқыныңбірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке қасиетті жеріміздімекендейтін әр адам үшін аса қымбат.
Егемен еліміздегі барлықэтникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пенынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік.
Бейбітшілік пен қоғамдық келісім — баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз — ЕлбасыН.Ә.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарыныңөзегіне айналды.
Біз бір ел, біртұтас халық болыптәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделіміздіарттырдық.
Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызыерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясыменкүресуде. Жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініпотыр.
Біздің бірлігіміз бекем,мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп,жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық,бақ-береке және толайым табыс тілеймін!
Біз біргеміз!", — делінген құттықтауда.