Саясат

Тоқаев тапсырмасы немесе жүргізушілер наразылығы тоқтай ма?

Бүгінүкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ шетелдік нөмірібар көліктерді уақытша тіркеуді тапсырды.

Тоқаев тапсырмасы немесе жүргізушілер наразылығы тоқтай ма?

Яғни көршілес елдерден сатып алынғанавтомашиналар 1 ақпанға дейін тіркелуі керек. Және олар 2021 жылдың наурызынадейін жарамды болмақ.

«Көліктердің тіркелуі 2021жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Және техникалық регламенттіңталаптарына сай болуы тиіс. Тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі керек. Уақытшатіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмайды. 2021 жылдың 1наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендікбаж бен утилизациялық соманы төлесін. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесезаңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі керек. Заңға қайшыкелетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларынқолға алуды тапсырамын», — деді президент.

2019жылдың 14 қаңтар күні ІІМ «Армения, Қырғыз Республикасы мен Ресей нөмірлімашиналарды заңға сәйкес тірекеу керектігін» мәлімдеген. Алайда, жүргізушілеркөліктерін тіркеу құны тым қымбатқа түсетінін айтып наразылық білдірген.Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Орал, Семей және Петропавл қалаларындажүргізушілер наразылық шараларын өткізген болатын.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз